279
Екі баласының көзінше әйелін өлтірген азаматқа үкім шықты
Қарағандыда кәмелетке толмаған екі баласының көзінше бұрынғы әйелін өлтірген азаматқа үкім шықты.
Сот отырысында күдікті кінәсін мойындады. Прокурор оған 13 жыл жаза сұраса, жәбірленуші тарап 15 жыл сұрады. Сондай-ақ 30 млн теңге өндіруді талап еткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот үкімімен ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа абақтыда өтейді. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 20 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Айта кетейік, ерлі-зайыптылар 10 жыл бұрын ажырасқан. Алайда сотталушы марқұм әйелін аңдып жүрген. Әйел қайтыс болған түні балалары полиция шақырған. Бірақ тәртіп сақшылары сотталушыға тек ескерту беріп, кетіп қалған.