Бишімбаев сотындағы прокурорлар марапатталды

Республика күні қарсаңында Бас прокуратурада салтанатты жиын өтті.

Бишімбаев сотындағы прокурорлар марапатталды
Автор
Админ
356

Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар прокурорлардың заңдылықты және құқық тәртібін нығайтудағы еңбегі еленді.

Бас Прокурордың бұйрығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін прокуратураның ерекше көзге түскен қызметкерлері мен жұмыскерлері ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Биылғы аты шулы Бишімбаев сотында прокурор болған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Айта кетейік, жыл басынан бері прокурорлар экономикаға салымы 9,1 трлн теңгені құрайтын 411 инвесторға (Түркия, БАӘ, Қытай, Германия және т.б.) көмек көрсетті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін прокуратураның үйлестіруімен елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды, 22 млрд теңгеге 498 мың га олигополия жері тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары