316
БҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырған келіншек сотталды
БҚО Шыңғырлау ауданының тұрғыны 2022-2023 жылдары «Chia TaiPharmaceutical» қаржы пирамидасына кіріп, жетекші қызметтердің бірін атқарған.
Фармацевтикалық зауытқа заңды инвестиция жасаймыз деп, салымшылардан ақша алған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 180 млн теңгеден астам шығын келтірген.
Прокурорлар оның қаржы пирамидасын құру және жетекшілік ету, қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа мүлікті заңдастырудағы кінәсін дәлелдеді.
Сот оны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару, қаржы ұйымдарына қатысу құқығынан 5 жылға айырылды.
Жәбірленушілерге келген 180 млн теңге шығын толықтай өндірілген.
Сот үкімі заңды күшіне енді.