Отан ұйтқысы – ұлт бірлігі мен біртұтастығы

«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден»

Отан ұйтқысы – ұлт бірлігі мен біртұтастығы
istockphoto.com
Автор
Админ
469

«Біз ең әуелі бойымызға әл-қуат дарытқан Жаратқан Құдайға, еліне, адал Отанға, жанашыр Патшаға, тағлымды, тәлімді, тәрбиемен ой-санамызды өсірген аса қымбат қадірлі ата-анамызға, күн дидарлы туған бауырға, тәжірибелі дәрігерге, энциклопедист ұстаздарға, таңғажайып құрмет жасаған, ас атасы- бір үзім нанды, жылдың басы әз- Наурыз көжесі жасалатын алтын дәнді, ұлттық астығымыз-бидайды, жүгеріні, аш өзек кезде тоқ қылған қорегіміз- тарыны, ағарғанды еш ұмытпайтын, тарихи тамыры терең ана тілімізді, ділімізді, дінімізді қасиетті Жер-Анамызды бай, қуатты біртұтас халық болудың табалдырығы-баянды Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтаған парасатты ұлт болғанымыз айдай әлемге мәшһүр»

Адамзаттың сырға толы шежіре тарихы сан қилы, түрлі мәнге ие айрықша оқиғалары болғанымен бір-біріне ұқсамайтындығы таң қалдырады. Әлемдік тарих тұрғысынан қарағанда әр халықтың, соның ішінде қазақ елінің және олар құрған мемлекеттің қандай дәрежеде болғаны алар орны өзінше қызықтырмай қоймайды.Туып өскен Отанның бір сүйем жерін ешкімге беруге болмайды деп ұққан ежелден ой- санамызға сіңген туған елі мен қастерлі топырағын кең байтақ жері үшін жанын пида етуден тартынбаған тарихи тұлғаларымыздың күрескерлік жолы ерен ерліктері, жас ұрпаққа үлгі- өнеге. Сұңғыла саясаткерлердің, қоғам қайраткерлерінің жалынды, жігерлі, білімді жастарымыздың елге,халыққа деген өте күшті патриоттық сезімі ғасырлардан жалғасын тауып келе жатқан батыр ата-бабалардың бойына дарыған тектілік қасиетінде болғанын атап айту-парыз.Өзгеге намысын жібермейтін,өз Отанын жан- тәнімен беріле сүюді-басты мұратына бағалаған еңбексүйгіш ұлт руханиятына жанашыр мейірімді, білім мен ғылымды жоғары деңгейде меңгерген ата-ана тәлімі, тәрбие тағылымы тұла бойына дарыған оқу, іздену арқылы жан-жақты дамытқан осы елдің негізгі түп иесі алтынқазығы болар бүгінгі бақуатты ұрпақтардың болғанына Жаратқан Құдайға тәубә дейміз.

«Өткеннің арбасы алысқа бармайды» - дейді халық. Анығында солай, ескірген, тозығы жеткен дүние-уақыттың құрбаны. Дегенмен, ескісіз жаңа болмайды. Өткеннің тәлімінсіз, ащы сабағынсыз ертеңгі келер күннің айрықша қадір-қасиетінің білінбесі тағы да белгілі. Бүгінгі күн-кешегі күннің шәкірті демекші,өткенімізді дұрыс бағаламай болашақтың қадірін біле бермейтініміз де бар. «Қазақ озса-ауызбіршілігімен озады, қазақ тозса- алауыздықтан тозады»,-дейді халық даналығында.Еуразияның кең байтақ кіндігінде ұлан-ғайыр атырапты Алтай мен Атырауға дейінгі аймақты қамтып жатқан Қазақтың ұлттық ғылыми, мәдени, тілдік, генетикалық тарихи түп –тамыры, танымы, түсінігі тереңдігімен де бағалы.Әлімсақтан бері тарих бетінде хатталған ғасырлар қойнауына енген бірегей мәдениетіміздің, ұлтымыздың ұйтқысы Отанымыздың гүлденуіне тікелей әсері бар ана тіліміздің, егемендігіміздің айқын да, айшықты бір көрінісі тілімізді өрістету мәдениетінде жатқаны шынайы заңдылық. Егемендік пен елдік әз-халқымыздың кемелденуінің негізгі қадамы.Салт-дәстүр, әдет-ғұрып және төл өнеріміздің кескін- келбетінің тең қалыптасуына жаңарып қайта түлеген еліміздің құнарлы жерін, қола дәуірінде мекен еткен Андрондықтарды, бергісі сақ, үйсін,ғұн,сармат және қаңлыларды айтуға болады. Ал ертеде ортағасырлық түркі тайпалары-қоңырат,қыпшақ, керей, найман, жалайырлар мен қимақтардың айрықша маңызы болғандығын шежірелі тарихымыз да тайға таңба басқандайжазылғанын жоққа шығармайды. Ірілі-ұсақты қазақ тайпаларының құрамындағы басқа тайпалар, сол кезден қалыптасқандығы айқын. Кейбіреуінің тарихи дерек құжаттарында аты кездеспегендігімен бұл тайпалар кейіннен пайда болды немесе соңынан қосылған дегенді білдірмейді.

Ата-тарихымыздың XV ғасырында, дәлірегі орта тұсынан ауа бастағанда өз атымен аталатын Қазақ хандығының құрылғанына да амандық болса, келер жылы 560 жыл

 

толмақ. Алты ғасырға жуық уақытта қым-қиғаш оқиғалардың «тар жол тайғақ кешулердің» болғанын ешкімде жоққа шығара алмайды. Ақиқатын айтқанда, еңселі елдігіміздің өзегі ғасырлар бойы қалыптасқан ғұндар заманында, Көк Түрік дәуірлерінде, кейінгі ортағасыр 1243 жылдарында құрылған–Алтын Орданы еске түсіргеніміз артық бола қоймас. Бұл кешегі өткен тарихымыз болғанымен, бүгінгі және келешегіміз үшін сабақ алар тарихи оқиғалар тізбесі.Халқымыздың өзара дербес халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңі қыпшақтар заманына тұспа-тұс келеді. Алайда, монғолдардың жойқын шапқыншылық жасау әрекетінен соң біршама тоқырағаны рас.

«Ханның басын хан алар шауып тұрып, Қардың басын қар алар жауып тұрып, Оттың басын оталар жанып тұрып»-деген аталы сөз бар. Әрбір нәрсенің екі жағы бары бесенеден белгілі. Монғолдар жаулап алғаннан кейін еліміздің қазіргі аумағында пайда бола бастаған мемлекеттер- бірінші моғол ұлыстары, содан соң Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының және Ноғай Ордасының қалыптасып құрылуы- қазақ мемлекеттілігінің орнауына бірыңғай негіз болды.

Істің иіні келейін десе табан астында ғой. Асыққанмен, аптыққанмен ұлт мәселесі, ел бірлігі, ынтымағы, ұлттық сана бір күнде шешілуі мүмкін емес. Құдайдың бұйыртуымен Қазақ елінің ұлт болып ұйысқан кезі ХV ғасырдың екінші жарты жылдығымен XVІ ғасырдың басында айқындалып, өз алдына дербестігі бар Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының құралуына мұрындық болған сұлтандар: Керей мен Жәнібектің ұтқырлығы нәтижесінде тапқырлықтарының арқасында жеткен қайырлы жеңіс екені даусыз! Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих- и-Рашиди» атты еңбегінде көрсетілгені тарихшы ынталы оқырман қауымға жақсы таныс. Сонымен қатар Хиуа ханы болған ғалым- тарихшы Әбілғазының еңбектеріде құндылығыменерекше көзге түседі. «Түрікмен шежіресі» және «Түрік шежіресі» - атты тың еңбектері шежірелік сипатта түркі дәуірінен бастап тарихи аласапыран оқиғаларды, сол заманда ел басқарған хандардың өз халқына жүргізген саясаттары жөнінде жазған жылнамалар жинағында көп деректер келтірілген. Отырар аймағы Түркістан төңірегінде дүниеге келген Қазақ тарихшысы, белгілі ғалым Қадырғали Қосымұлы Жалайыриөзінің «Жылнамалар жинағы » - деген еңбегінде Қазақ хандығы, оның би –сұлтандары жөнінде жазып қалдырған мол мәліметтері елге кеңінен таралған. Елдің қалыптасуы аса қиын қыры мен жыры көп ойландыратын мәселе.Қазақта

«Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра»-деген сөз бар.Әз-халқымыз қазақтың шығу тарихына тыңғылықты ғылыми зерттеулер жасаған ғұлама-тарихшы, қазақтан шыққан тұңғыш антрополог–ғалым Оразақ Смағұловтың ғасырлық еңбегі көп мәселенің тиегін ағытады. Қазақ халқының 40-50 мың жылдық тарихы барын әлемге әйгілеген білімдарлық қайраткерлігі еліміздің шығу тарихы тымарыдажатқандығына ешкімде дау айта алмайтындай етіп ғылыми дәлелдемелермен нақтылағаны нағыз ер – азаматтыққа тәнпара-парерлік. Дұшпанның жаны шыға жамандағанынан ісімнің дұрыс,сөзімнің тәуір шыққанын білдім дегендей, кезінде ҰҒА–ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Оразақ Смағұловтың антропологиялық ғылыми зерттеу еңбектері, шымыршыққан шығармалары үшін, көре алмаушылықтың әсерінен заманында қудалауға түсіп, қуғын-сүргін көрсе де ұлтына еткен адал қызметін ғылымға сіңірген ғаламат өміршең істерін ұмытпауымыз керек. Құдай ағамызға күш, қуат берсін!Жақсы кітап-жан азығы, демекші, «кітап оқитын ұлт-озық ұлт»,- деп айтқан мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев осыдан бес жыл бұрын 2019 жылы еліміздің Президенті болып сайланған күннің ертеңінде Отырардағы «Арыстанбаб» баба рухына тағзым жасаған соң, Түркістандағы Қожа-Ахмет Яссауи кесенесіне арнайы келіп, дұға еткені есте. Бұрынғы басшыларымыздың жолы да, алғашқы сапарлары да осылай басталған.Түркістан облысының тұрғындарымен кездескенде, ол: «Біз үш қағидатты ұстанамыз.Ол-әділдік, сабақтастық және өрлеу»- деген болатын. Кез-келген жағдайда адамдардың еңбегі адал бағаланып, Заң мен тәртіп үстемдік құрмаса,ондай мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болатынын үнемі тілге тиек етіп келеді.Биылғы халқымызға арналған Жолдауында

 

осының тікелей сабақтастығы деп қабылдағанымыз жөн. «Әділетті Қазақстан: заңмен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» - атты жолдауында Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан- байлықтың өзін табады» - деген сөзді айрықша атап айтты. Біз берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман–мұратына жете алады»,–деген сөзі ұлтымызды ұйыстырудың негізгі тетігінің бірі. IX-XI ғасырларда өркендеген Оғыз мемлекеті заманында біздің бабаларымыз қазақтың өзіндей болған көзі ажырамас мүлкі киіз үйді ойлап тапқандығы тұрмыс – тіршілігінде негізгі басты рөл атқаратын баспананы жасап шығарғандығы көп нәрседен хабар береді. Киіз үйдің керегесі, уығы, шаңырағы, түндігі тағы да басқа бөлшектері тұнып тұрған ғылым, өнер, тарих деп айтсақ шындықтан алшақ кете қоймаймыз. Тарихымызға зер салсақ, кейбір деректерде Түркістан облысына қарайтын Отырар ауданының аумағында орналасқан көлемі өте үлкен Қызылорда облысымен шектесетін, әйгілі сексеуілі мен жусаны қатар өскен мал-жанға құтты өңір

«Қызылқұм» құмында орналасқан кешенді ғылыми зерттеулерді қажет ететін, үлкен жер атауы бар.Осындағы жергілікті жұрт әлі күнге дейін, бұл ойпаң жерді «Оғыздың» сайы деп атайды.«Оғыздың» сайы деп аталатын осы арналы сайтуралы санасы ояу, көзі қарақты, дария мүсін абыз-қариялардыңшындыққа жанасатын әсерлі әңгімелері әлі есімізде. Өз заманының заңғарлары Біләл Ысаұлы, Жарылқасын Нұсқабайұлы, Нұртаза Уәйісұлы ағаларымыздың құйма құлақ бабалары айтқан аңызы ақиқатқа саяды, оны кәсіби тарихшылар да мақұлдайды деп ойлаймыз. Көп жағдайда ел бірлігі жайында айтылатын «Оғызнама»-тарихи шығарма. Шығарманың басты идеясы-халықты ауызбіршілікке,  ерлікке,  адамзаттың  ең  асыл  қасиеті-  адамгершілікке  үндейтін

«Оғызнама» шығармасы Оғыздың сайы деп ежелден халық атаған жерге байланысты шығуы әбден мүмкін деген ойдамыз.Себебі, IX-XI ғасырларда Сырдарияның орта ағысы тұсында Оғыз қағанаты билік құрды.

Орынсыз, үдеттіре жабылған айып - шындыққа төтеп бере алмайды. Қазақ жеріне әртүрлі жағдайлармен келген ұлттар арасында тыныштық болғаны, әрине, жақсы әрі қажет. Әйтсе де сол тыныштығымыз үшін қазақ ұлтының намысын, әділдігін құрбан етуге бола ма? Бұл күнде сол тыныштық үшін қазақ халқының 300 жыл бодандықтан кейін алған азаттығын да көре алмай, қиғысы келетіндер жоқ емес. Сөзіміз дәлелді болу үшін, Абай атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық жазушысы Сафуан Шәймерденов ағамыздың жазған жасампаз ойынан үзінді келтіргеніміз артық болмас. «Бірақ, тыныштық барда Тәуелсіздік бөлек. Бұл екі құбылыстың бір- біріне қайшы келетін кездері көп. «Тыныштық, тыныштық»- деп жүріп Тәуелсіздігімізден, дербестігімізден айырылып қалсақ, онда кім болғанымыз? Менің ұғымымша, жеме- жемге келгенде азаматтығымыз үшін тыныштығымызды құрбан етуге болады. Дүниенің, тарихтың пайым – үлгісі сондай. Ал тыныштығымыздың қамы үшін Тәуелсіздігімізді құрбан етуге болмайды». (№169 «Халық кеңесі» газеті 1994 жыл 9 қараша). Халқымыздың ардақты азаматы, ойы ұшқыр жазушы Сафуан Шәймерденовтың тауып айтқан осы бір пайымды пікірін әсте естен шығаруға болмайды деп ойлаймыз.

Бүкіл әлемде ұлт пен ұлыстардың ең көп шоғырланған жері де біздің еңселі егеменді елімізде. Бірлігі жарасқан, елімізде тату- тәтті ғұмыр кешіп тұрып жатқан 130 астам түрлі ұлттың өкілдері қазақ елінің өсіп –өркендеуіне өз үлестерін шамасына қарай қосып жатқандығы Отанымыздағы тұрақтылықтың жарқын көрінісі. Ал кейбір алпауыт деген елдердің өзінде мұндай ұлт пен ұлыс өкілдерінің тұрақтаған және мекендеген жері бар болғанымен жалпы біздің елдегідей кездестіре алмайсыз.Құдайға шүкір, осыншама

 

халық Отанымыздың ұйытқысы, ұлтымыздың біртұтастығын, бірлігіміздің артқандығын білдіреді.Оның анық та, жарқын бір айғағы-«Қазақстан халқы Ассамблеясы» .

Халқымыздың бірлігіне, ынтымағының артуына бірегей еңбек сіңірген тарихта есімдері жазылған ардақты тұлғаларымыз аз емес. Солардың бірі 1943 жылы «Ер қазақ» деп аталатын Әнұранның әнін жазған «Біржан-Сара» операсын өмірге әкелген қазақтың майталман сазгері СССР- дың Мемлекеттік сыйлығының иегері,айтулы тұлға Мұқан Төлебаевтың еңбегі ерен. Ал мәтінін жазған Абайтанушы-ғалым, ұлты үшін көптеген ғылыми тың еңбектер жазып қалдырған, жылдар бойы саналы өмірін айдауда, жазықсыз жапа шегіп түрмеде сарп еткен біртуар қайраткер, белгілі ақын-жазушы Қайым Мұқамедхановтың «Ежелден ер қазақ еркіндік аңсаған»,-деп басталатын Әнұранның мәтінін сондай керемет жазғандығы оның өз ұлтына деген шексіз махаббатынан туған берекелді еңбегі талайды тамсандырады.Отанымызда өмір сүріп жатқан әрбір азамат жарты ғасырдай ұлт рухын көтеретін осы бір ғажайып әнді айтқаны әлі күнге дейін ел жадында.Тәуелсіздігіміздің басты рәміздерінің бірі, бұрынғы мемлекеттік әнұранымыз 1992 жылдан 2006 жылға дейін «Жаралған намыстан, қаhарман халықпыз»- деп басталатын, әнұранның әнін жазғандардың қатарында да тұғыры биік тұлға Мұқан Төлебаев болды. Ақжарқын ағалардың сара жолын жалғастырушы Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі, сан қырлы сазгер, көптеген лирикалық әндердің авторы, ән әлемінің патшасы атанған-Шәмші (Жәмшид) Қалдаяқовтың жазған әні қалың елдің көңілінен шығып, жүрегінен орын алуы кездейсоқ емес.Кез-келген адам рухын көтеретін жасампаз

«Менің Қазақстаным» әні 1956 жылы Сарыарқа төсінде өмірге келді. Бұл өлеңнің мәтінін жазған естен кетпес ерек есім, жалынды, сыршыл ақын-Жұмекен Нәжімеденов ағамыз болатын. Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы: «Аязынан арқар ауған Арқаның, арқасынан Алаш ауа көрмесін»- деп тебіренгені тегін емес. Барлық ағаларымыздың асыл арманы еліміздің ғұмырлы, тұғырлы болсын деген ниетінен туған шығармалары халық жүрегінен орын алғандығымен маңызды. Бұл ән заманында 1954 жылдары тыңды игеру науқаны басталғанда Сарыарқа даласында ән болып қалықтап,бүкіл елге таралуына көп еңбек сіңірген әншілердің шоқтығы биік дара жұлдызы әрі бірінші орындаушысы ұлт өнеріне қосқан қомақты үлесі бар, бұлбұл әнші Жамал Омарова апайымыз еді. Биыл жыл ауысып 2024 жылға өткенде Ақордада жаста болса, еліміздің мақтанышы, ұлттық өнерімізді әлемге паш еткен, айрықша талант иесі, Халық әртісі-Димаш Қанатұлы Құдайберген іні-бауырымыздың мемлекеттік әнұранымыз

«Менің Қазақстаным» әнін қайталанбас ғажайып дауысымен орындауындағы нұсқасы халықты тәнті етіп, баршамызды қуантты. Дәуірлер алмасады, ұрпақтар сабақтастығы, бірлігі жалғасады, тектілік арналары үндеседі деген осы шығар. Араға 50 жыл салып, Тұңғыш Президентімізді ұлықтау ( инаугурация) рәсімінде 2006 жылы қаңтардың 11 жұлдызында Ақордада алғашқы рет қайта жаңғыртылып орындалғаны да тұтастай ел есінде. Еңселі елдігіміздің айрықша белгілерінің бірі-егемендігіміздің болуы, оның мемлекеттік рәміздері Елтаңбасы, Туы, Гимні, ұлттықана тілі, ғылымы, дәстүрлі өнерінің болмағыол-дербес егемендіктің арқасында болатын мемлекеттің басты айшықты белгілері. Есте жоқ ескі замандар өтседе, біз ата – тегімізді бар болмысымызбен тарихымызды терең танығанда биікке шығатынымызды, өркениетті елдердің қатарына енетінімізді өмірдің өзі дәлелдеуде.

 

«Жер - елсіз болмайды, ел - ерсіз болмайды», дейді дана халқымыз. Ерлер халықтан туады. Ер дегеніміз - халықтың тірегі, қамқоры, қорғаны. Ерлік- ердің ісі, бірақ оның көрінісі тоқсан түрлі. Біреулер жан қиярлық адал еңбегімен елінің байлығын көбейтеді, біреулер- қасық қанын аямай, елін қорғайды, біреулер – асқан өнерімен ұлтын әлемге әйгілі етеді, біреулер білімдарлығымен елінің мәдениеті мен ғылымын ғарыштық биікке көтереді. Осы тұрғыдан өлшегенде кешегі Кеңес Үкіметі тұсында өз халқына сіңірген Алаш қайраткерлерінің ұшан- теңіз адал еңбектері, тынымсыз жасаған шаруалары аяқсыз қалмады. Ұлтымыздың атадан дарынды туған ұлдары, заманының ауа- райына қарай бір мезгілде құлпыра ашылып, кейде, тіпті, тар заманды басынан кешкен қазақ халқының талапты, талантты перзенттері, ілуде біреуі болмаса, аса дарындыларының көпшілігі туған халқына жемістерін бере алмай өмірден өткендері қаншама десеңізші. Бұл- орны толмайтын үлкен өкініш болсада, қалғандарының ұлтына жасаған елдікке жеткізер ерлігін және айтулы еңбектерін саналы ұрпақ есінен, естерінен шығармай сабақ алып жүрсе қуанарлық іс, құптарлық қадам деп айтқаннан басқа қандай ой – пікір айтамыз.

Қазақ хандығының ғұмыры XVIII ғасырға дейін үзілмей жетті. Ежелгі сақ – үйсіндердің, Түрік қағандықтарының жалғасқан мұрагері де – Қазақ хандығы. Біз күні кеше өздігінен пайда бола қалған халық емеспіз. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында «Елім-ай» деп бастан өткерген сан тарау қиын да қилы кезеңдерде ата- баба жолынан ешқашан жаңылмай келе жатқандығымыз, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан бірлігі, ұйысқан біртұтас ынтымағымызбен ауызбіршілігіміздің арқасында қиын-қыстау өткелдерден аман сау өтіп, айбынды ұлтқа айналдық. Тарихта, Аттила басқарған Ғұндардан басталған ел –жұртымыздың арғы түбі иесі қазақ елі. Хандық дәуірге ұласып, ақырындап дербес ел болуымызға арқау болған осындай қатпар – қатпар шежірелі тарихымыз ол- елдігіміздің бастауы. Әрбір саналы азамат танып, біліп зердесіне тоқып өскені ата- баба аманат еткен үмітінің орындалғаны деп есептеуіміз қажет. Құдайға шүкіршілік жасауымыз керек. Ассимиляцияға ұшырамай, революциялық төңкеріс жағдайларына әркез тап келсектеегеменді еліміз эволюциялық жолмен қарқынды дамуда. Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт – азаттық қозғалыстар 1916 жылы қарқын ала бастағанынан хабардармыз. Осы ұлт- азаттық қозғалыстың ізін ала 1917 жылы 27 ақпанда Буржуазиялық- демократиялық Ақпан революциясының және Қазан төңкерісінің болуымен Патша үкіметі құрдымға кеткені, уақытша Үкіметтің пайда болғаны, барлығыныңда сайып келгенде халқымызға тигізген әсері болмай қалған жоқ. Оның соңы 1917 жылы қазанда, 1918 жылы наурызда Қазақстанда Кеңес Үкіметінің орнауымен аяқталды. Осы жылдар аралығында (1917-1920) Алаш автономиясының құрылуы, 1920 жылы 16 маусымда РК ФСР құрамында қырғыз (қазақ) автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. 1917 жылы 5-13 желтоқсан айында алғашқы астанамыз «Орынбор» қаласында екінші жалпықазақ құрылтайының өз деңгейінде өткені белгілі. Оған қазақтың барлық облыстарынан алыс- жақын аймақтардан бірнеше өкілдер арнайы қатысты. Негізгі мәселе – Ұлттық автономия құру мәселесі болды. Бұл құрылтайда «Алашорданың уақытша тұрағы- Семей қаласы» деп белгіленді. Алаш автономиясы үкіметінің, яғни – Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейхан сайланды. Құрылтайда ең алғашқы көтерілген өткір де өзекті мәселе ұлтымыздың үні- тірегі қазақ тілін оқытып, дамыту тақырыптары сол кезден бастап- ақ күн тәртібіне қойылады.Ұлт руханиятының өзегі-тіл түзелсе, халықта өседі.

 

Тәуелсіздігіміздің алғашқы табалдырығы 1990 жылы 25 қазанда Жоғары Кеңес Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдағаны еліміздің есінде мәңгі сақталады. Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында жариялады. Сол кездегі Қазақ ССР Халық депутаты Сұлтан Сартаевтың бүгіннен бастап, КСРО-нан бөлініп шыққан 15 Республикамен бір болған Қазақ КСР-сы өзінің дербестігін алған еліміз- Қазақстан Республикасы енді Тәуелсіз Мемлекет болдыдеп Жоғары Кеңесте жасаған баяндамасы ел есінде өшпестей өнеге болып қалды. ҰҒА-ның академигі Заң ғылымдарының докторы, профессор, оқымысты ұстаз Сұлтан Сартайұлы ағамыздың зор қуанышпен тебірене сөйлеген сөзі, бүкіл елімізбен бірге алыс-жақын шет елдердегі шынайы тілеулес қандастарымыздың шексіз қуанған қуаныштары ұзағынан болсын!Ата- бабаларымыз армандаған азаттығына қолымызды жеткізген, берекелі қазақтың басынан бағы таймай, өрістеп дами беруіне, әрбір тұрғын шын тілектес болып, өз үлестерін қоса білсе,абзалырағы сол болмақ. Тәуелсіз мемлекет болғанымызды бірінші болып мойындаған түркі тілдес бауырлас ел-Түркия Республикасы болды.Тәуелсіздігімізді жариялағаннан соң екі-үш аптаның ішінде Қазақстанның Егеменді ел болғанын 18 мемлекет танып, мойындағанына тарихымыз куә. Сол кездің өзінде бірнеше мемлекеттер Қазақ елінің дербес елдер қатарына қосылғанын ақырындап мойындай бастады. 1992 жылдың наурыз айында ҚР-сы дүние жүзі мемлекеттерінің басын қосқан оларды ауқымды идеалдарға бағыттайтын ең мәртебелі ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) толыққанды мүше болып қабылдандық. Басқа да дамыған алпауыт және дамушы мемлекеттермен бірдей Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның ашық аспан түстес Көк туымыздың желбіреп тұрғанына Құдайға шүкір, биыл 32 жыл толды. Осылай ғасырларға ұласып, жаңара берсе деген ізгі тілектегі еліміздің әрбір тұрғынының қатары көбеюде.

Бір кісі із салады, ол - мың кісіге жол болады, демекші Кеңес Үкіметі тұсында біздің көптеген саяси қайраткерлеріміз еліміздің қарқынды дамуына айтарлықтай үлес қосты.Қазірде еселеп, бай тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет жасап жүрген жақсыларымыз кіндік қаны тамған елінің жедел өсіп дамуына үлестерін қосып келеді. Заманында, өз тұрғыластарынан озық туған заңғар замана зиялысы қазақтың тұңғыш кәсіби дипломаты, аудармашы, сыншы, публицист Нәзір Төреқұлов туған ана тілінен бөлек шет елдің 9 тілін меңгеріп, еркін сөйлеген саяси сұңғыла саясаткердің жазған мақалаларында Тәуелсіздікке жету үшін ең алдымен елдің білімді болуымен қатар ана тілін жетік білу керектігін айтады. Сонда байқасаңыз? Атамекенінен жырақта жүріпКСРО-ның, Сауд Арабиясындағы төтенше және өкілетті елшілік қызметінабыроймен атқарып, елшілердің елшісі (дуаен) болған Түркіні түгендеген тарихи тұлға- Нәзір Төреқұлұлының ұлтты ұйыстырудың негізгі жолы әуелі тілі,білімі, ғылымы, өнері, мәдениеті болса, ұлттың рухани жағынан өркендейтінін экономиканың қарқын алатынын кесіп айтқан кемеңгерлігі бүгінгі буын жас ұрпаққа жұғысты болса, ұтарымыз аз болмас.Елімізді 40 жылдай басқарып, оның экономикалық саяси және әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты өсуіне өшпес із, игілікті іс жасаған үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик-Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өзі ұстаз тұтқан, айрықша қадірлеген қаһарман кісі Қазақ Үкіметін (Халық Комиссарлар Кеңесі) 1938-1951 жылдары басқарған халқымыздың сүйікті ұлы, лингвист ғалым-Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың тәрбиелеген шоқтығы биік шәкіртерінің бірі, сол кездегі Үкімет басшысының орынбасары, кейіннен Қазақ КСР-ның сыртқы істер министрі қызметін атқарған тұста БҰҰ-дағы биік мінберден тұңғыш баяндама жасаған жасампаз тарихи тұлға, психология және педагогика ғылымдарының докторы, профессор,

 

академик, ректор -Төлеген Тәжібаевтың (балалар үйінде тәрбиеленген, шыңыраудан шыңға шыққан азамат) егеменді ел болуға сіңірген еңбектерін бүгінгі буын жас ұрпаққа ұлықтап, дәріптесе орынсыз деп ешкімде айта қоймас. Ал қазіргі Тәуелсіздікте бірнеше шетелдің тілін жетік білетін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас хатшысының орынбасары болған тұста қазір де мәртебелі ұйымның мінберінен бірнеше рет әлемдік дәрежедегі өзекті тақырыптар жөнінде баяндама жасап, сөз сөйлегені ел жұртымыз, халқымыз үшін үлкен бір ғанибет. Бұл ең әуелі баянды Тәуелсіздігіміздің біртұтас дана халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің арқасы.

Қазақ поэзиясының «құлагері» атанған ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың «Өз елін, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді»- деген ғажап сөзі бар. Халқымыздың ішінде ғылымнан, өнерден, спорттан т.б салаларда халықаралық дәрежеге көтерілген, туып- өскен елі мен жерін әлемге әйгілеген азаматтарымыз бар. Отансүйгіш, еңбекқор кісілер елдің де отбасының да, мерейін үстем еткен жандарды әркез құрметтеген болсақ, берекелі ісіміз, өнімді тірлігіміз еліміздің ынтымақ бірлігінің айғағы болмақ. Әлемдік деңгейдегі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (МАГАТЕ) деп аталатын халықаралық ұйым бар. БҰҰ-ы құрамына кіретін 1957 жылы құрылған көптеген мемлекеттер мүше халықаралық ұйымда қызмет атқаратын- Достай Төлемішұлы Раманқұлов есімді бауырымыздың әлемдік Нобель сыйлығын дипломы мен алтын медальін алған алғашқы қазақ екенін қалың ел біле бермейді.Түркістанның тумасы-Достай Төлемішұлы қазір Австрия мемлекетінде отбасымен бірге тұрады. Иран мемлекетінде 2010-2011жылдары Ядролық қаруды залалсыздандыру жұмыстарын ұйым қызметкерлерімен бірге сәтті жүзеге асырады. Дүниежүзілік ең үлкен сыйлықтың толық иегері атанған Достай бауырымыз құрамында мыңдаған адам жұмыс жасайтын АҚХА-гі ұйымының басшысымен бірге 11 адамнан тұратын әр мемлекеттен келіп, сонда жылдар бойы ғылым мен айналысатын ғұлама ғалымдар тобы, заманауи техника, технологиямен ғылыми жұмыстар жасайтын адамдардың барлығы бірдей осы халықаралық сыйлыққа ие болды. Мәртебелі атаққа оқу білім мен біліктілігі және күні-түні қажымай еткен еңбектің арқасында жеткенін Тәуелсіз Қазақстанның азаматы болғанын зор мақтаныш етеді. Кемеңгер халқымыздың данышпаны, өсер ұрпаққа келер күнге арнап, хәкім Абай Құнанбайұлы «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»- деген ғибраты мол, ғаламат өсиет қалдырды. Қазақтан шыққан тұңғыш Нобель сыйлығының иегері, айтулы ғалым Достай Төлемішұлының елімізден ізбасарлары шығатынына бек сенімдіміз.

Халықаралық стандарттарға сай келетін қарым-қатынастың көзі, сауда-саттық құралы Ұлттық Банк жасап шығаратын ұлттық валюта төл теңгеміз 1993 жылы 15 қарашада айналымға түсті. Теңгеміздің бір ерекшелігі қазақи нақыштармен безендірілгені ол да біртұтас елдігімізді, егемендікті білдіреді.Егемендіктің арқасында Елордада әрбір үш жыл сайын өтетін Дін және Конфессия аралық діндер съезінің өтуі де тұрақтылықтың белгісі,егемендіктің жемісі. Айта кетерлік тарихи бір сәт 1990 жылы 25 қазанда Республика Жоғары Кеңесі Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдағанда еліміздің алғашқы әрі соңғы вице-Президенті Ерік Мағзұмұлы Асанбаевтың тарихи құжатқа қол қоюуымен бекітілгенін архив құжаттары растайды. Уақыты келгенде тарих оған өз бағасын беретіні сөзсіз! Мемлекеттік егемендік туралы Декларация 1990 жылы қабылданғанымен 1995 жылдан 2009 жылға дейін 14 жыл бойы «Республика» күні,

 

мемлекеттік арнайы мерекесі болып тойланып келді.Алайда 2009 жылдан бастап мемлекеттік мерекелер тізімінен шығып қалған бұл даталы күнді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен 2022 жылдан 25- қазан Ұлттық мереке

«Республика күні» болып қайта жарияланды.Жаратқан Құдай біздерді ауызбіршілігімізден, баянды Тәуелсіздігімізден айырмасын десек, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауқымды жұмыстарды жасауымыз керек. Тәуелсіздіктің негізгі айрықша белгісі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көрші мемлекеттермен өзара келісілген шекара мәселесі арнаулы құжаттармен айқындалып, шекараға қатысты барлық іс-қағаздарымыз БҰҰ-да мақұлданып бекітілген.Әлемде бес-ақ мемлекет өз шекараларын шегендеген солардың бірі кең-байтақ Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Ең үлкен жетістіктеріміздің бірі- шекарамызды бекітуіміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында атқарылған айтулы іс болды. Жер көлемі бойынша алғашқы ондыққа кіретін тоғызыншы орындағы елімізбен шектесетін шекаралас Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғызыстан Республикасы және Түрікменстан мемлекеттерімен бауырлас, жақсы қарым-қатынастағы, көршілес елміз.

«Көп болып жұлдыз ай болмас, пейілі тар кісі бай болмас» - дейді кемеңгер халқымыз. Тәуелсіздіктің елең-алаңында еліміздің аяғынан тік тұруына, рухани, әлеуметтік саяси экономикалық, ғылыми, мәдени және халықаралық дәрежеде өсіп, өркендеуіне еңбегі сіңген ұлт қайраткерлерін, тұғырлы тұлғалардың есімдерін атағанымыз артық етпес. Абай Құнанбайұлы «Ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз»-дейді. Халқымыздың жүрегінен орын алған кісілер еліміздің есінде мәңгі сақталмақ.Әуелі ғылымның үздіксіз қарыштап, ғарыштық дамуына еңбегі сіңген саңлақтар: Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Шафық Шокин, Өмірзақ Сұлтанғазин, Сәлкен Субханбердин, Ишанбай Қарақұлов, Әбдуәлі Қайдаров, Евней Букетов, Меңлібай Мырзахметов, Серік Қирабаев жұбайы- Әлия Бисенова, Өмірбек Жолдасбеков, Кеңес Нұрпейісов, Ақылбек Күрішбаев, Күнсұлу Закарья, Өмірзақ Айтбаев, Рахманқұл Бердібаев, Мұхтар Алиев, Төрегелді Шарманов, Досмұхаммед Кішібеков, Құбығұл Жарықбаев, Рабиға Сыздықова, Аманжол Қошанов, Уфа Ахметсафин, Ерлан Раманқұлов, Ағын Қасымжанов, Қаржаубай Сартқожа, Халел Арғынбаев, Ақай Нүсіпбеков, Мекемтас Мырзахметов, Қабиболла Оспанов, Асқар Жұмаділдаев, Тынысбек Қалменов, Зұлқарнай Сейітов, Әбдуәлі Баешов жұбайы- Ажар Баешова, Әбдірәсіл Жәрменов, Жансейіт Түймебаев, Жақсыбек Құлекеев, Салық Зиманов жұбайы-Шәрбану Батталова, Шәмшә Беркімбаева, Бірханым Әйтімова, Жабайхан Әбділдин, Ісмет Кеңесбаев, Патшайым Тәжібаева, Ақжан Машанов, Абдірахман Омбаев, Рымғали Нұрғали, Әбдімәлік Нысанбаев, Ерлан Сыдықов, Бірлесбек Алияров, Зәки Ахметов, Мүсілім Базарбаев, Камал Ормантаев, Қалдыбай Бектаев, Шора Сарыбаев, Елеусін Сағындықов, Ахмет Жұбанов, Кенжеғали Сағадиев, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Тұрсынбек Кәкішев, Қойшығара Салғарин, Сағындық Сатыбалдин, Масанов Жайлау, Ермахан Керімбеков, Ханиса Сәтбаева, Мәлік Ғабдуллин, Қажым Жұмалиев, Санжар Жандосов, Ермұхан Бекмаханов, Бек Сүлейменов, Сәйден Жолдасбаев, Темірғали Көкетаев, Рахымжан Елешев, Талғат Момынов, Айқан Ақанов, Шахмардан Есенов, Асқар Қонаев, Бораш Төлеуов, Бауыржан Байтанаев, Әшімжан Ахметов, Ғарифолла Есім, Болат Қасенов, Карл Байпақов, Сайлау Байсанов, Раушанбек Әбсаттаров, Көпжасар Нәрібаев, Құралбек Құлажанов, Уахит Шалекенов, Оразақ Смағұлов, Манаш Қозыбаев, Мұрат Жұрынов, Серік Піралиев, Хазіретәлі Тұрсын, Рамазан Сүлейменов, Зиядин Исабеков, Хангелді Әбжанов жұбайы- Гүлшат Нұрымбетова, Тәкен Әлімқұлов,

 

Жабал Шойынбет, Ахмет Тоқтабай, Бейбіт Қойшыбаев, Светлана Смағұлова секілді т.б ғұлама ғалымдарды ғылымда айрықша із қалдырған өзіндік мектебі қалыптасқан ерекше еңбегі бар кісілерді атауға болады.

«Кеудесі жақсылардың- алтын сандық» демекші, тәуелсіз еліміз қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне, өнеріне, денсаулық сақтау саласына, педагогикасы мен спортына жалпы ұлт руханиятына айрықша еңбегі сіңген, өнегелі іздері, асқаралы істері ұрпақтарға мирас етіп қалдырған ғылым қазынасы халық есінде, тарихта есімдері сақталған даңқты тұлғалар:Сақыпкерей Арғыншиев, Жұмабай Шаяхметов, Нұртас Оңдасынов, Дінмұхамед Қонаев, Ілияс Есенберлин, Мұхтар Әуезов, Дулат Исабеков, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Кемел Тоқаев, Садықбек Адамбеков, Әзілхан Нұршайықов, Мұқағали Мақатаев, Жамалбек Шәймерденов,Көпен Әмірбек, Төлен Әбдік, Жарылқасын Нұсқабайұлы, Әкім Тарази (Әшімов), Гүлфайруз Исмайлова, Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Қонысбай Әбілов, Тәушен Әбуова, Серік Ақшолақов, Әбдібек Тұрабаев, Есентай Тәжиев, Әбдімәлік Аширов, Зұлқия Жұматова, Ғабиден Мұстафин, Жанар Мұстафина, Ернияз Омаров, Болатбек Баймаханов, Дәурен Әбиров, Нұрғиса Тілендиев, Мәриям Хакімжанова, Тұрсынхан Әбдірахманова, Ханипа Бұғыбаева, Еркін Ібітанов, Орал Таңсықбаев, Бәтима Зәуірбекова, Есмағамбет Ысмайлов, Әшірбек Сығай, Әбілхан Қастеев, Сәбит Мұқанов, Дихан Әбілев, Серік Мақпыров, Мұқаметжан Қаратаев, Берік Уәли, Ләззәт Танысбай, Шерубай Құрманбайұлы, Берік Баилов, Қуат Қайранбаев, Мақпал Мыса, Тілеуқабыл Мыңжасаров, Бексұлтан Байкенжеев, Аян Нысанәлин, Абай Байгенжин, Бейнеш Жарбосынов, Мұхамеджан Рүстемов, Айтуған Жетебаев, Сейдолла Бәйтереков, Ғафу Қайырбеков, Мұхтар Шаханов, Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева, Қадыр Мырзаәлі, Жұбан Молдағалиев, Әбдіжәміл Нұрпейсов, Тахауи Ақтанов, Сағат Әшімбаев, Сабырхан Асанов, Спақұл Малдыбеков, Қырымбек Көшербаев, Тынымбай Нұрмағамбетов, Дүкенбай Досжан, Сәуірбек Бақбергенов, Еркінбай Әкімқұлов, Қарақат Шалабаев, Шашубай Малдыбаев, Бәйтен Омаров, Бексұлтан Нұржекеұлы, Кәдірбек Сегізбаев, Нұрдаулет Ақыш, Ілияс Омаров, Торғын Тасыбекова, Бикен Римова, Асқар Сүлейменов жұбайы-Алтыншаш Жағанова, Қанатбек Дүйсенбаев, Әсет Бейсеуов, Тыныс Өтебаев, Амангелді Сейітхан, Сейдахмет Бердіқұлов, Шерхан Мұртаза, Кеңесбай Үшбаев, Хамит Ерғалиев, Сағи Жиенбаев, Тоқаш Бердияров, Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов,Әбу Сәрсенбаев, Фариза Оңғарсынова, Әбіш Кекілбаев, Райымбек Сейтметов, Сейіт Кенжеахметұлы, Сағынғали Сейітов, Сәбит Оразбаев, Нұрғали Нүсіпжанов, Ақселеу Сейдімбек, Оралхан Бөкей, Немат Келімбетов, Тұтқабай Иманбеков, Илья Жақанов, Әмен Қайдаров, Асанәлі Әшімов, Құлбек Ергөбек, Сафуан Шаймерденов, Қабдеш Жұмаділов, Нұрлан Оразалин, Иран-Ғайып, Исрайл Сапарбай, Марат Қабанбай, Жәркен Бөдеш, Қалдарбек Найманбаев, Қалихан Ысқақ, Балғабек Қыдырбекұлы, Ғалым Жайлыбай, Төлеген Мұхамеджанов жұбайы- Нұржамал Үсенбаева, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Баян Сағымбаева, Серікболсын Қыдырбайұлы, Шұғыла Сапарғалиқызы, Майра Мұхамедқызы, Мақпал Жүнісова, Хакімжан Наурызбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы, Жаулыбай Иманәлиев, Шәріпбек Әмірбеков, Нұралы Өсерұлы, Алтынбек Қоразбаев, Сандуғаш Стамғазиева, Шота Уәлиханов, Шона Смаханұлы, Жандарбек Мәлібеков, Шәкен Ниязбеков, Амангелді Ермегияев, Төлеген Айбергенов, Жүрсін Ерман, Мыңжасар Маңғытаев, Тыныштықбек Әбдікәрім, Кешірім Бозтаев, Хафиз Матаев, Сейітқазы Матаев, Несіпбек Айтұлы, Мерғали Ибраев, Ақберен Елгезек, Төлеген Жанғалиев, Қоңырқожа Қожықов әулеті,

 

Ақан Қойшыманов, Оразәлі Досбосынов, Жансая Мусина, Сара Тоқтамысова,Серік Құсанбаев, Ханбибі Есенғараева, Бекболат Мұстафин, Шәкір Әбенов, Рахымжан Қошқарбаев, Аманжол Әлтаев, Кәрима Оралова, Жарылқасын Дәулет, Ақмарал Леубаева, Жанболат Ербатыров жұбайы- Жазира Байырбекова, Сара Тыныштығұлова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Есмұқан Обаев, Мадина Ералиева, Сатыбалды Нарымбетов, Нина Әмірова, Гүлжан Сүгірбаева, Бақыт Шадаева, Өмірәлі Жалайыри, Әзербайжан Мәмбетов жұбайы- Ғазиза Жұбанова, Мұстафа Өзтүрік, Нұрғали Ораз, Уәлибек Әбдіраймов, Жүсіп Ақшора, Қалтай Мұхамеджанов, Бейсенбай Сүлейменов, Олжас Сүлейменов, Дандай Ысқақұлы, Геральд Бельгер, Сырбай Мәуленов, Файзулла Сүгірбаев, Қалижан Бекхожин, Оспанхан Әубәкіров, Темірхан Медетбек, Темірхан Тебегенов, Мереке Құлкенов, Ұлықбек Есдәулет, Ермұрат Бәпи, Ержан Уәйіс, Есболған Жайсаңбаев, Мамадияр Жақып, Есен Дүйсенов, Қали Сәрсенбай, Қасым Қайсенов, Жұмабай Шаштайұлы, Бауыржан Момышұлы, Ескендір Хасанғалиев, Төлеген Момбеков, Зейнолла Қабдолов, Секен Тұрысбеков, Әбділда Тәжібаев, Нұрмахан Жантөрин, Қатыршат Шүлембаев, Жекен Қалиев, Дәнеш Рақышев, Мұхтар Арын,Серікбай Нұрғисаев жұбайы- Гүлнұр Оразымбетова, Смағұл Елубай, Әбдісағит Тәтіғұлов, Тоқтар Ералиев, Ғали Орманов, Әбдімомын Желдібаев, Гүлнәр Салықбаева, Алма Аманжолова, Айгүл Қосанова, Марфуға Айтхожина, Елена Әбдіхалықова, Бақытжан Қанапиянов, Бақыт Кенжеев, Әбдімәжит Сыздықбеков,Әбдісалан Нұрмаханов, Жарылқап Бейсенбаев, Бауыржан Бабажанұлы, Жанболат Аупбаев, Райхан Имаханбет, Берік Бейсенұлы, Дәурен Қуат, Бауыржан Жақып, Сәдуақас Мұстафаев, Төкен Танаұлы, Татьяна Бурмистрова, Серік Ақсұңқарұлы, Абаш Кәкенов, Батырхан Шөкенов, Жәмила Серкебаева, Байғали Есенәлиев, Досым Сүлеев, Берікбай Сағындықов, Бақыт Жұмаділов, Ақжол Мейірбеков, Қанат Құдайбергенов жұбайы-Айткүл Құдайбергенова, Мұрат Құсайынов, Шәріп Омаров жұбайы- Құрманай Омарова, Сүндет Байғожин, Әмин Тұяқов,Шәміл Серіков, Құралбек Ордабаев, Еркеғали Рахмадиев, Қуан Жұбанов әулеті, Ыдырыс Ноғайбаев, Надежда Лушникова,Ермек Серкебаев, Гүлбира Рәзиева, Құдыс Қожамияров, Тұрсынжан Шапай, Жаңабек Тойбазар, Кеңес Исаев, Кәкімжан Қазыбаев, Есенқұл Жақыпбек, Ержан Серікбаев, Марат Омаров, Нұрлан Абдуллин, Нұрлан Өнербаев, Айтжан Тоқтаған, Қайрат Байбосынов,Баянғали Әлімжанов, Алмас Алматов, Абдрахман Асылбеков, Әбдіберік Әділбеков, Марат Сақатов, Жанғали Жүзбаев, Кеңес Дүйсекеев, Шөмішбай Сариев, Қайрат Парманов жұбайы - Гүлхан Айтақынқызы, Төлеужан Ғұмаров, Жарасқан Әбдірашев, Құдайберген Сұлтанбаев, Мейірман Нұрекеев, Тоқсын Құлыбеков, Уәйіс Сұлтанғазин, Үмбетбай Уайдин, Айжан Тәженова, Жанар Айжанова, Гаухар Әлімбекова, Қанат Айтбаев жұбайы- Света Айтбаева, Даметкен Омарбаева, Лұқпан Есенов, Бауыржан Ибрагимов, Хадиша Бөкеева, Толқын Зәбирова, Құдайберген Бекішов, Майра Ілиясова, Таласбек Әсемқұлов, Нағима Есқалиева, Жомарт Игіман, Роза Сейілханова, Жақсылық Үшкемпіров, Бекзат Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбеков, Қанат Ислам, Бауыржан Оспанов, Бақыт Сәрсекбаев, Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Василий Жиров, Назым Қызайбай, Ольга Шишигина, Серік Қонақбаев, Әлия Жүсіпова, Илья Ильин, Ермахан Ибраимов, Бақтияр Артаев, Бейбіт Ыстыбаев, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров, Шыңғыс Тұрсынов, Мұхит Тұрсынов, Елдос Сметов, Зекен Шаймерденов,Ғабит Мүсірепов жұбайы- Райса Мұхамедиярова, Салтанат Байқошқарова, Бақтияр Тайлақбаев, Мұрат Әуезов, Әжмағи Смағұлов, Софы Сматаев, Жеңіс Сейдолла, Александр Винакуров, Жеңіс Ысқақова, Рамазан Стамғазиев жұбайы -Ұлту Қабаева, Бауыржан Тұрғараев, Роза Әлқожа, Тоқтар Серік жұбайы - Бейбіт Сейдуалиева, Нұртөре Жүсіп, Дархан Мыңбай, Шәмшидин

 

Пәттеев, Қасымхан Бегманов, Кәдірбек Құныпияұлы, Ескен Сіргебаев, Нұрлан Еспан, Арман Дүйсенов, Арман Шеризат, Қалқаман Сарин, Жангелді Немеребаев, Болат Абаған, Мехнат Теміртас, Қарлығаш Әубәкірова, Рүстем Қайыртайұлы, Мақсат Толықбай, Нартай Аралбайұлы, Ринат Зайытов, Нүсіпбек Әбдірахым, Біржан Жақып, Жұмабай Оспанов, Асылы Осман, Хадиша Шалабаева, Күләш Ахметова, Қымбат Әбділдина, Ақұштап Бақтыгереева, Бекарыс Шойбеков, Дәулеткерей Кәпұлы, Мэльс Қосымбаев, Мақсат Ақанов, Әбдібек Бимендиев-сияқты ұлт руханиятының шынайы жанашырлары тағы да басқа көптеген қайраткерлердің еңбектері егемендігіміздің нығайуына айрықша әсерлі болғаны белгілі.

«Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйенерге жарар ол»-деген, хәкім Абай Құнанбайұлының дана сөзі бар. Әуелі елдің ел болуына ыстық-суығына бір кісідей шыдап, аязына тоңған айрықша ықпалы бар, басты идеологиясына аса жауапты сұңғыла саясаткерлер дүниежүзілік қауымдастыққа да оң әсер тигізетін біздің Тәуелсіздігіміздің құқықтық экономикалық, әлеуметтік беріктігіне, өркениетті елдердің қатарына қосылуына, ұлтымыздың халықаралық дәрежеге жетуіне, халықтың әл-ауқатының артуына, еңбегі орасан зор тұғыры биік тұлғалар мен білікті басшылардың есімдері әрқашан ел есінде.Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан бастап, Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Бәйкен Әшімов, Серікболсын Әбділдин, Өзбекәлі Жәнібеков, Мақтай Сағдиев, Михайл Есенәлиев, Сағадат Нұрмағамбетов, Ахат Күленов, Мұхтар Алтынбаев, Нұрлан Балғынбаев, Бердібек Сапарбаев, Жексенбек Еркімбеков, Иманғали Тасмағамбетов, Икрам Адырбеков, Ұзақбай Қараманов,Төлебек Қосманбетов, Әділ Ахметов, Рымбек Тұрғанбаев, Нығмет Есенғарин, Дүйсенқұл Сарықұлов, Сағидолла Құбашев, Саламат Мұқашев, Хиуаз Доспанова, Айткүл Самақова Ақсұлтан Аманбаев, Сақан Құсайынов, Шалатай Мырзахметов, Марат Оспанов, Даниял Ахметов, Өмірбек Байгелді, Рашид Түсіпбеков, Ергешбай Дербісов, Сауытбек Абдрахманов, Нұртай Әбіқаев, Оралбай Әбдікәрімов, Ерлан Арын, Сағындық Кенжебаев, Қасым Тәукенов, Еркін Әуелбеков, Равиль Шырдабаев, Ұзақбай Қарабалин, Зақаш Камалиденов, Мақсұт Нәрікбаев, Камал Смайлов, Сәбит Жаданов, Уәлихан Қалижан, Қайрат Мәми, Екейбай Қашағанов, Заманбек Батталханов, Саттар Имашев, Заманбек Нұрқаділов, Сыздық Әбішев, Болат Өтемұратов, Ілияс Омаров, Қуаныш Айтаханов,Сұлтан Досмағанбетов, Мырзатай Жолдасбеков, Қуаныш Сұлтанов, Қаратай Тұрысов, Мәжит Есенбаев, Сейілбек Шаухаманов, Мұстахым Ықсанов, Жұмағали Омаров, Кәкімбек Салықов, Бижамал Рамазанова, Наталья Каржова, Әлімбек Мұсабеков, Ғани Қалиев, Фазыл Кәріпжанов, Мәсімхан Бейсебаев, Ғани Қасымов, Мұхтар Құл-Мұхамед, Сапар Байжанов, Сәфи Өтебаев, Гүлшара Әбдіхалықова, Сағынбек Тұрсынов, Шәңгерей Жәнібеков, Бекайдар Жүсіпов, Асанбай Асқаров, Нағашыбай Шәйкенов, Сұлтан Жиенбаев, Бақыт Оспанов, Омархан Өксікбаев, Амангелді Айталы, Қайырбек Сүлейменов, Асқар Құлыбаев, Әділбек Жақсыбеков, Қажымұрат Нағыманов, Ғалым Елемесов, Сәт Тоқпақбаев, Ирак Елекеев, Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов, Талғат Бигелдинов, Маркен Шәйжүнісов, Кеңес Аухадиев, Өмірзақ Озғанбаев, Төлеутай Сүлейменов, Марат Тәжин, Махмұт Қасымбеков-сияқты елімізге белгілі,халқымыздың ыстық ықыласына бөленген басқада көптеген ер-азаматтар өздерінің бойындағы қарым-қабілетін, білімін, біліктілігін қазақ халқының әл-қуатының артуына барлық күш-жігерлерін аямай жұмсап, абыройлы қызмет етті. Халық барлығын біледі, әділ бағасында беретін халық.

 

Ұлылыққа - жылылық, кемшілікке - кеңшілік іздеген халықпыз.Ұлтқа адал болатын қай жерге барсақта, әлемнің қай түкпірінде болсада қазақтың ғылымы мен төл өнерін, ауылшаруашылығы мен мәдениетінің өскенін, іргелі ел екенін танытуға бейімді, білімді жастар өсіп-жетіліп келе жатқандығы барлығымыздың көз қуанышымыз. Елім, жерім, Отаным деген есіл ерлердің ең басты асқақ арман- мұратыда елінің егемендігі, азат дербестігі, тәуелсіз ел болу жолындағы ерліктерін бүгінгі буын үзбей дамытып, кең көлемде жалғастырып отырғандығы, ауызбіршілігіміздің арқасында екендігі анық. Оған ешбір күмән жоқ. Ұлт көсемі- Әлихан Бөкейхан кезінде «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзі әліде өз күшінде жаңғыруда. Дана халқымызда «Игілік басы – ынтымақ» - деген қанатты сөз бар. Отанымыздың ынтымағы бірлігіміздің артуына берекелі тірлігіміздің табысты мол болуына ұйтқы болатын кемеңгер тұлғаларымыздың тұғыры биік болып, жаһандану заманында қатарынан ойы да, қалпы да анық озған өркениетті ел, бақуатты ұтымды ұлағатты озық ұлт болайық. Ұлттық баянды мерекеміз

«Республика» күні баршамызға қайырлы, құтты болсын!

Абдрахман Тәуекелұлы, Ғани Смаханұлы

Серіктес жаңалықтары