443
Қазақстандықтар жаппай доллар мен еуро сатып алып жатыр
Ұлттық банктің деректеріне сүйенсек тамыз айымен салыстырғанда қыркүйекте доллармен жасалған операциялар 1,5 есеге өсіп, 169,5 млрд теңгені құраған.
Ең жоғары сұраныс Шымкент (52,07 млрд теңге) пен Алматы (46,5 млрд теңге) қаласында.
Ал қазақстандықтар арасында рубльге деген сұраныс төмендеген. Өткен айда халық 239,3 млн теңгеге рубль өткізген.
Ал ақша айырбастау пунктерінде еуромен жасалған операциялар екі есе, яғни 1,2 млрд теңгеден 2,9 млрд теңгеге өскен. Ең көбін Шымкент халқы сатып алған (1,9 млрд теңге).