1379
«Жолдарымыз бөлек кетті»: Али Оқапов жұбы жайлы ашып айтты
Али Оқапов жұлдызды жұбымен қоштасты.
Белгілі әнші Али Оқапов «Жұлдызды жұп» бағдарласындағы жұбы Фариза Ескерместің жобадан кететінін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Әншінің сөзінше, Фариза Ескерместі жаңадан жарық көретін фильмнің басты рөлінен көруге болады.
«Али мен Фариза. Бұл да енді естелік болып қалды. Барша қолдауларыңызға рахмет! Енді жолдарымыз бөлек болып жалғасады, бірақ осы сәттерді ұмытпаймыз. «Енді Әли Фаризасыз жалпы жобада қала ма?» «Қалса жобаны кіммен жалғастырады?» деген сұрақтарға жауап осы сенбіде, «Жұлдызды жұп» жобасында білесіздер, ал, Фаризаны «Нурикамал» киносынан, «Бажа 2» телехикаясынан және үлкен «құпия» киносының басты актрисасы ретінде жақында көрерсіздер!», - деді Али Оқапов