235
Алматы облысында «Қызыл кітапқа» енген жануарларды аулаған браконьерлер ұсталды
Балқаш аудандық полициясына істің мән жайын тексеруге жіберілді.
Бүгін Алматы облысы Бақанас ауылының маңында «Охотзоопром» инспекторлары қызыл кітапқа енген жануардың еті салынған көлікті ұстады, деп хабарлады turkystan.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ көлікте 16 калибрлі аңшылық қарудың екі бірлігі және бір прожектор табылған.
Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуын ескере отырып, ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері басталды.
Іс Балқаш аудандық полиция бөліміне жіберілді.