Саран қаласының әкімі қатаң сөгіс алды

Оған себеп – қаланы жылумен қамтудағы олқылық.

Саран қаласының әкімі қатаң сөгіс алды
Еркін Баулықов. Фото: gov.kz
239

 Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тілектес Досаев аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтан қатаң сөгіс алды. 

Оған себеп – қаланы жылумен қамтудағы олқылық. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов тәртіптік жаза ретінде ескерту алды.

«Өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, атап айтқанда, жылыту маусымына дайындықты жеткіліксіз түрде бақылағаны үшін менің бірінші орынбасарыма ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылсын. Саран қаласының әкімі мен энергетика және ТКШ басқармасының басшысына қатаң сөгіс жариялансын. Қыс мезгілінде сапалы жылумен қамтамасыз ету міндеті біз үшін басым екенін тағы да еске салғым келеді. Жұмыс тұрақты түрде жүргізілуі керек! Әр жағдай бойынша қатаң баға беріліп, жауапкершілік дәрежесі анықталады», - деді өңір басшысы.

Саран қаласының әкімі қаладағы жылу жағдайы туралы баяндады.

Оның айтуынша, барлық жергілікті қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеуде, отын қоры қамтамасыз етілген. Кейбір үйлер бойынша қалалық чатқа түсетін сұрақтар жедел қаралады, деп сендірді Еркін Баулықов. Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласында қала тұрғындары әлеуметтік желіде жылусыз отырғанын айтып, шағымданған еді. Кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов осы мәселеге қатысты видеоүндеу жолдады.

Серіктес жаңалықтары