Тамара Асар күйеуі қандай жұмыс істейтінін айтты

Өнер иесі күйеуін жолықтырғаннан кейін бір аптада тұрмысқа шығып кеткенін мәлім етті.

Тамара Асар күйеуі қандай жұмыс істейтінін айтты
instagram
913

Белгілі әнші Тамара Асар «Әйел әлемі» бағдарламасында  берген сұхбатында жолдасымен қалай танысқанын мәлім етті.

«Осы күнге дейін ұлым үшін ғана өмір сүрдім. Барлық жетістігімді соған арнадым. бір күні қатты шаршадым. Концерттен-концерт болып кетті. Қонақ үйге келіп, «Құдай, маған күйеу берші» дедім. Соны тілеп жатып, ұйықтап кеттім. Ондай дұға жасағанымды да ұмытып қалғанмын. Күйеуімді тура бір аптадан кейін жолықтырдым. «Мен мына әйелге үйленемін» деп мені көрсетіп, айтып бара жатты. Мен естіп тұрдым. Тура сол сөзден кейін жет күн өткенде қолыма сақина салды», – деді әнші.

Өнер иесінің сөзінше, жолдасының да, өзінің де өмірі түбегейлі өзгерген көрінеді.

«Маған «бір фирмада дәнекерлеуші болып жұмыс істеймін» деді. Мен сендім. Танымал әнші бола тұра, «сварщикке» тұрмысқа шығып кеттім. Сөйтсем, өндірісті басқаратын бастық екен. 

Анасы өмірден ерте өтіп кеткен. Содан кейін мүлдем шай ішпей кетіпті. Бас қосқаннан кейін, менің шай құйғанымды көріп, қатты таңғалды», – деді эстрада жұлдызы. 

Серіктес жаңалықтары