Бишімбаевтың жазасын жеңілдетпек болған әйел сотта соңғы сөзін айтты

Людмила Грачева Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін оның отбасынан 100 млн теңге талап еткен.

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетпек болған әйел сотта соңғы сөзін айтты
Ғаламтор
Автор
Админ
740

Айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты.

«Мен тұтқынға алынған алты ай бойы тергеуші мен құқық қорғау органдарының тарапынан психологиялық қысым жасалды. Тәулік бойы видеобақылауда отырмын. Мен отырған камерада 8 адам бар, әрқайсына екі метрден. Адам өлтірген қылмыскерлер менімен бірге отыр. Мұның бәрі адамды қорқытып, кінәсін мойындату үшін жасалады. Мен ешкімді өлтірген жоқпын, ешкімді зорламадым, есірткі таратпадым. Адам мен мемлекетке қарсы қылмыс жасамадым. Менің іс-әрекетімде қылмыс құрамы жоқ, кінәм дәлелденген жоқ», - деді ол.

Сондай-ақ ол өзінің балаларын есіне алды.

«Қамауда отырғандықтан маған балалармен кездесуге тыйым салынған. Адвокаттарым арқылы балаларымның хаттарын алып отырмын. Екі баламның туған күнін өткізіп алдым. Үлкен ұлым 16-да, биыл мектеп бітіреді. Екінші ұлым алтыда, биыл менсіз бірінші сыныпқа барды», - деді айыпталушы.

 

Серіктес жаңалықтары