179
Семейде Қазақстан құжатын заңсыз пайдаланған шетелдік азаматқа айыппұл салынды
46 жастағы шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылғанына қарамастан, мемлекеттік баж салығын төлеу үшін Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған.
Оның Қазақстандық жеке куәлігі тәркіленіп, ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 369 200 теңге айыппұл салынды.
Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған, ал азаматтар шетел азаматтығын алған жағдайда, бұл туралы 30 күн ішінде хабарлауы тиіс.