«Ордабасы» клубының ойыншылары жанкүйермен ерегесіп қалды

«Еу» деп айтпа маған! – деп ызаға булықты команда капитаны

«Ордабасы» клубының ойыншылары жанкүйермен ерегесіп қалды
фото: kazfootball.kz
299

26 қазанда «Ордабасы» мен «Жеңіс» клубтары арасында Қазақстан премьер-лигасының ойыны өткен болатын. Елордалық клуб аутсайдер болғанмен бұл кездесуде жасыл алаң қожайындарынан 1:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл жеңілістен кейін «Ордабасы» футбол клубының капитаны Асхат Тағыберген мен команда ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев шымкенттік жанкүйерлермен ерегесіп қалды. Өйткені чемпиондыққа басты үміткер саналатын клубтың бұл жеңілісіне көңілі толмаған жанкүйерлер ашуға ерік берген еді.

Бізге де оңай емес. Көріп жатсыңдар ғой, еріккеннен ойнап жатқан жоқпыз. Қақпаға доп кірмей қойды. Сен неге мені балағаттап тұрсың? «Еу» деп айтпа маған! – деп ызаға булықты команда капитаны.

Еске сала кетсек, «Ордабасы» былтыр ел біріншілігінің чемпионы атанған болатын. Биыл да турнир кестесінде көш бастап келе жатқан шымкенттік клуб қатарынан 2 матчта жеңіліс тауып, бірден 3-орынға түсіп қалды.

Қазір Қазақстан премьер лигасының көш басында 41 ұпаймен «Қайрат» тұрса, 2-орында «Астана» (40 ұпай) командасы келеді.

Серіктес жаңалықтары