Ақтөбеде қаржы пирамидасы салымшылардан 60 млн теңге алған

Ақтөбе облысында «World Business Consulting» қаржы пирамидасының заңсыздықтары анықталды.

Ақтөбеде қаржы пирамидасы салымшылардан 60 млн теңге алған
istockphoto.com
Автор
Админ
160

Олар өздерін Қазақстанда ресми тіркелген халықаралық инвестициялық компания ретінде тансытырып, Ақтөбеде презентациялар өткізген, деп хабарлайды turkystan.kz

 Жиындарда күдіктілер қаржылық  инвестициялар, тиімді пайызбен несие рәсімдеу, әлемнің кез-келген жерінен пәтер және жаңа көлік сатып алу жайлы ақпараттармен азаматтарды қызықтырған. Осы арқылы олар жаңа салымшыларды тартып, оларға ай сайын ақша салып одан сыйақы алатынына сендірген.

Күдіктілердің заңсыз әрекетінен 60 млн теңгеге жуық шығын келтірілген.

 Сот үкімімен екі азамат кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

 Жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 62 қылмыстық істі аяқтаған. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 20 млрд теңгеге жуық шығын келтірген.     

Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелген.

Серіктес жаңалықтары