176
Талдықорғанда жаңбыр суының кәрізінде қалып қойған күшіктер құтқарылды
112 желісіне жауын-шашын кәрізінде кішкентай күшіктер қыңсылдап жатыр деген хабарлама келіп түскен.
Ауа-райына байланысты күшіктерге қауіп төнгені анық. Күшіктердің анасы дәрменсіз еді.
Құтқарушылар жаңбыр суының кәрізінің торын алып, жеті күшікті шығарып, содан кейін оларды жануарларды қорғау ұйымының қызметкерлеріне тапсырды.