183
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Оқиға 28 қазан күні таңертең болған.
Қостанай-Әулиекөл-Сұрған республикалық маңызы бар тасжолында көлік апатынан 4 адам қайтыс болды.
Оқиға 28 қазан күні таңертең Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Новонежинка және Жусалы елді мекендерінің арасында болған.
59 жастағы TANK көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2112 көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде, ВАЗ көлігіндегі төрт адам оқиға орнында қайтыс болды, ал TANK көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді.
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.