Әйелін ұрғаны үшін айыпталған экс-әкімге қатысты сот үкімі өзгерді

Ол жәбірленушіге 2 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Әйелін ұрғаны үшін айыпталған экс-әкімге қатысты сот үкімі өзгерді
gov.kz
258

Апелляциялық сот Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелін ұрып-соғу ісі бойынша үкімін қайта қарады.

Апелляциялық сот жәбірленушіні Ибрагимовке қаржылық тәуелді емеc деп тапты. Өйткені ол кәсіпкерлікпен айналысады және жеке кірісі бар.

«Жәбірленушінің сотталушыға қаржылық тәуелді екенні дәлелденген жоқ. Жәбірленушінің кәсіпкерлікпен айналысқаны туралы құжаттар ұсынылып, оның есеп шотына ақша аударылғаны анықталды», – деді сот.

Сондықтан экс-әкімнің әрекеті қайта сараланып, оған 2 415 000 теңге айыппұл салынды.

Мамырда Атырау тұрғыны Ақмарал Үмбетқалиева Мақат ауданының әкімі қызметін атқарған бұрынғы күйеуі Ринат Ибрагимов оны некеде тұрған 11 жылда үнемі ұрып-соғып, балаларын тартып алғанын мәлімдеген.

Сот ер адамды материалдық жағынан тәуелді адамға қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Ол жәбірленушіге 2 миллион теңге төлеуге мәжбүр болды.

Еске салайық, Атырау тұрғыны Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, оған қоса қазір Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметін атқарып жүрген Ринат Ибрагимовқа қатысты мәлімдеме жасаған еді. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі 11 жыл ұрып-соққан, балаларын тартып алған. Алайда оны сот тек шартты жазаға кескен еді.

Серіктес жаңалықтары