264
1414 қызметін қолданады: Полиция алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті
Мемлекеттік органдар қоңырау шалып немесе хабарламалар арқылы ақпарат сұрамайды.
Полицейлер алаяқтар енді «Egov» және 1414 қызметі арқылы халықты алдайтынын айтты.
Абай облыстық полиция басқармасы мемлекеттік қызметкерлердің атынан «Egov» үшін адамның жеке деректерін сұрайтындар пайда болғанын айтады. Олар 1414-тен келген құпиясөзді айтуды немесе сілтемеден өтуді сұрайды дейді. Сондай-ақ «атыңызға айыппұл келді» деп, сілтемеге кіргенде шотыңызды бұзуы мүмкін.
«Мемлекеттік органдар қоңырау шалып немесе хабарламалар арқылы ақпарат сұрамайды. Күдікті хабар алсаңыз, сілтемелерді баспаңыз немесе ешқандай ақпарат бермеңіз. Анығына көз жеткізу үшін «Egov» немесе 1414 нөміріне хабарласыңыз», – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.