185
Ерейментауда 3 жыл бойы пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды
Мемлекет басшысы биылғы жолдауында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін адал пайдаланушыларға беру үшін мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырған.
Ерейментау ауданының прокуратурасы осы бағытта жұмыс жүргізіп, жалпы кадастрлық құны 150 млн теңге болатын, жалпы ауданы 15 мың гектарды құрайтын 6 жер телімін қайтарды. Бұл жер телімдері 3 жылдан астам уақыт бойы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
Сондай-ақ аудан прокуратурасының бастамасымен жалпы кадастрлық құны 408 млн теңгені құрайтын ауданы 59,2 мың гектар 8 жер телімін қайтару бойынша азаматтық істер сотта қаралып жатыр.