251
Алматылық полицей самбодан әлем чемпионы атанды
Айбек Атажанов самбошылар арасында 79 келі салмақта жеңіске жетіп, алтын медальді алды.
25-27 қазан күндері Тәжікстанның Душанбе қаласында самбодан шеберлер арасында өткен әлем чемпионатында Алматы қалалық ПД жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері Айбек Атажанов бірінші орын алды.
Жарысқа 50 елден өкілдер қатысты. Айбек Атажанов самбошылар арасында 79 келі салмақта жеңіске жетіп, алтын медальді алды. Ал 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ ротасының командирі Ербол Байбосынов тамаша нәтиже көрсетіп, екінші орынды иеленді.