Қызылорда тұрғыны жілікке есірткі салып, абақтыға алып кірмек болған

Қызылордалық келіншек сиыр жілігіне 130 грамм марихуана салып, абақтыдағы туысқанына жеткізбек болған.

Қызылорда тұрғыны жілікке есірткі салып, абақтыға алып кірмек болған
Автор
Админ
323

Бірақ арнайы құрылғының көмегімен тексерген кезде жілік ішінде есірткі бар екені анықталған.

Енді ол 7 жылға сотталуы мүмкін.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - лелі Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Жәнібек Зиябеков.

Серіктес жаңалықтары