167
Маңғыстауда өлген итбалықтың саны 300-ге жуықтады
Итбалықтардың өлімінің себептері тиісті зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін белгілі болады
Каспий жағалауына шығып қалған өлі итбалықтардың саны артуда. 24-29 қазан аралығында Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген мониторинг кезінде 289 итбалықтың өлексесі табылды.
Теңіз жағасындағы мониторинг жұмыстарын Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері гидробиология және экология институтының өкілдерімен бірлесіп жасады.
Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкийдің айтуынша, жағалау аймағының мониторингі жалғасуда.
«Жергілікті атқарушы органдар мен гидробиология және экология институтының, Qazaq balyk республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығы филиалының өкілдері сол жерге жұмыс істеп жатыр. Итбалықтардың өлімінің себептері тиісті зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін белгілі болады», - дейді ол.