Ақтоғайда ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жауапқа тартылды

Жолдардың бұзылуының негізгі факторларының бірі – ауыр көліктердің тасымалдауға рұқсат етілген салмақты арттыруы.

Ақтоғайда ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жауапқа тартылды
istockphoto.com
Автор
Админ
150

Ақтоғай ауданының прокуратурасы тұрғындардың шамадан тыс жүк тиелген ауыр көліктердің облыстық маңызы бар трассамен жүруіне шағымдарын ерекше бақылауға алды, себебі көліктің шамадан тыс жүктемесі облыс орталығына апаратын  жолдың бұзылуына әкелуде.

Автокөліктің жалпы салмағы жүкпен бірге келесі мәндерден аспауы керек: үш осьті (М3 санатындағы топсалы автобустарды қоспағанда) – 25 тонна; төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осімен – 32 тонна; бес осьті – 38 тонна; алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна.

Аудан прокуратурасының бастамасымен полиция қызметкерлері шамадан тыс жүктиеген ауыр көліктерді анықтап, ұстады. «Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы» басқармасының мамандары оларға қатысты әкімшілік материалдар ресімдеді.

Нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларәкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір ай ішінде жалпы сомасы 2 900 000 теңгеден асатын 5 әкімшілік хаттама ресімделіп, айыппұлдар төленді.

Серіктес жаңалықтары