Қазақстанда жастар арасында 735 мың кәсіпкер тіркелген

Дара кәсіпкерлердің ең көп саны Алматы және Астана қалаларында тіркелген.

Қазақстанда жастар арасында 735 мың кәсіпкер тіркелген
istockphoto.com
241

Ұлттық статистика бюросы осы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде тіркелген дара кәсіпкерлер санын жариялады.

Белгілі болғандай, Қазақстанда тіркелген дара кәсіпкерлер саны 1 512,9 бірлік болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2% көп.

Олардың 1 426,3 мыңы жұмыс істеп тұр (жалпы санның 94%).

«Дара кәсіпкерлердің ең көп саны Алматы және Астана қалаларында тіркелген, олардың саны сәйкесінше 263,1 мың және 177,6 мың бірлік. Үздік үштікті 122,2 мың дара кәсіпкері бар Түркістан облысы түйіндейді. Дара кәсіпкерлердің ең аз саны Ұлытау облысында тіркелген — 13,7 мың бірлік», — делінген хабарламада. 

Тіркелген дара кәсіпкерлердің басым бөлігі (43,6%) көтерме және бөлшек сауда саласында — 660 мың бірлік, сондай-ақ басқа да қызметтерді көрсетіп отыр (293,5 мың бірлік).

Дара кәсіпкерлер саны қаржы және сақтандыру қызметінде ең аз — 515 бірлік.

Айта кетейік, барлық дара кәсіпкерлердің 49% 35 жасқа дейінгі жастар (735,1 мың бірлік), оның 56% — әйелдер. Қала жастары дара кәсіпкерлердің жалпы санының 36% құрайды.

Серіктес жаңалықтары