Қарағандыда салынып жатқан үйде жұмысшы қаза тапты

Қылмыстық іс қозғалған.

Қарағандыда салынып жатқан үйде жұмысшы қаза тапты
istockphoto.com
Автор
Админ
207

Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы салынып жатқан үйде жұмысшы қаза тапқаны жөнінде ақпарат тарады. Алдын-ала дерек  бойынша ол лифт құлаған кезде жазым болған. Одан бөлек тағы бір адам зардап шеккен.

Қарағанды облысының Полиция департаменті тергеу басталғанын хабарлады.

«Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған жағдайға қатысты қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді баспасөз қызметі.

Зардап шеккен екінші азамат Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілген. Ол қазір реанимацияда ауыр жағдайда жатыр.

Серіктес жаңалықтары