Ресей азаматы қаржы пирамидасын құрып, қазақстандықтардан 1 млрд теңге алған

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты трансұлттық ұйымдасқан топты құрды және оған басшылық жасады деп айыпталған К-ға қатысты үкім шығарды.

Ресей азаматы қаржы пирамидасын құрып, қазақстандықтардан 1 млрд теңге алған
istockphoto.com
Автор
Админ
274

Ресей Федерациясының азаматы К., 2016 жылдың наурызы мен 2017 жылдың маусым айы аралығында басқа адамдармен бірге трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамында алдын-ала сөз байласу арқылы қаржы пирамидасын құрып, салымшыларды тартқан.

Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде Қазақстан Республикасының 529 азаматына жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам материалдық залал келген. Олар компанияның ойдан шығарылған инвестициялық жобаларына ақша салған.

Сот үкімімен кінәлілер 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары