Instagram-да басталған ерегес төбелеске ұласып, екі жасөспірім ажал құшты

Ақтөбе облысының қылмыстық соты Қызылжар ауылында төбелескендерге қатысты үкім шығарды.

Instagram-да басталған ерегес төбелеске ұласып, екі жасөспірім ажал құшты
istockphoto.com
Автор
Админ
239

Оқиға 2 қаңтарда болған. Жасөспірімдер әлеуметтік желіде жанжалдасып, кейін төбелесу үшін кездескен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесуге он адам келген. Нәтижесінде екі жасөспірім ажал құшты.

Төбелеске қатысушылардың біріне үкім 9 қыркүйекте шыққан. Ол қаза тапқан екі жасөспірімнің бірінің досы болған. Қорғану үшін жерде жатқан пышақты алып, абайсызда досына сұғып алған. Сот оны абайсызда адам өлтіргені үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырған.

Ал бұл жолы алты адамға айып тағылған. Олар адам өлтіргенін мойындаған жоқ. Бірақ бұзақылық жасағандарын мойындады.

Сот олардың бұрын сотталмағанын, өкінгенін ескеріп, үкім шығарды. Төртеуі төрт жылға, екеуі 15 және 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар үкімге шағым түсіре алады.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары