16 өңірде дауылды ескерту жарияланды

31 қазан күнгі ауа райына болжам жасалды.

16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: istockphoto.com
204

«Қазгидромет» РМК ертең, 31 қазанда еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Екі облыста да желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Астана қаласында да түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түсіп, батысында, солтүстігінде, шығысында және облыс орталығында көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында тұман түседі, күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде, сондай-ақ орталығында да тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және Петропавл қаласында  тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман, түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

31 қазан мен 2 қарашада түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады деп болжанады.

Серіктес жаңалықтары