412
Жәмила Бақбергенова үш мәрте әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды
Тиранада (Албания) әйелдер күресінен олимпиадалық емес салмақтарда өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова күміс жүлдеге ие болды.
Осыған дейін әлем біріншілігінде екі күміс, бір қола медаль алған Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде жапониялық Ами Ишимен белдесті.
Жапониялық балуан да Азияда үздік шығып қана қоймай, екі жыл бұрын әлем чемпионатында күміс алып үлгерген.
Бірінші кезеңде Ами Иши 2:0 есебімен алда тұрды. Екінші кезеңде Жәмила 4:2 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады. Қорытынды есеп – 6:8.
Осылайша, бұл әлем біріншілігінде үш бірдей жапониялық балуан чемпион атанды. Жәмила Бақбергеноваға тағы бір күміс медаль бұйырды.