Ақтөбедегі кен орнында екі жұмысшы қаза тапты

Желіде қайғылы жағдай болған сәттің видеосы тарады.

Ақтөбедегі кен орнында екі жұмысшы қаза тапты
Скриншот
199

Ақтөбеде «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатында жол-көлік оқиғасы салдарынан кәсіпорынның екі қызметкері қаза тапты. Олар апаттан оқиға орнында мерт болған.

Қайғылы жағдай болған сәттің видеосы instagram-дағы ztz_04_aktobe парақшасында жарияланды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

«Қазхром» ТҰК Дөң кен-байыту комбинаты филиалының карьерінде жүк көлігінің аударылуы орын алып, нәтижесінде жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-3-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген полиция департаменті өкілі. 

Компания өкілдері марқұм болған қызметкерлердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, сондай-ақ, марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары