Ұлытау облысында 5 адамның өліміне кінәлі жүргузші сотталды

Ол 5 жылға бас бостандығынан және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Ұлытау облысында 5 адамның өліміне кінәлі жүргузші сотталды
istockphoto.com
171

Ұлытау облысында жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, жол апатына себепші болды. Салдарынан бес адам қаза болды. Жүргізушіге қатысты сот үкімі жарияланды.

Ұлытау аудандық соты 2024 жылдың 26 мамырында Жезқазған-Есіл-Павлодар тас жолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі қарады және үкім шығарды.

Апат кезінде азамат Н. Жезқазған қаласынан Ұлытау ауданына қарай жүріп, қарсы бағыттағы жолаққа шығып, келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан 5 адам қайтыс болды.

«Сот процесінде азамат Н. өз кінәсін толық мойындады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ол 5 жылға бас бостандығынан және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сот үкімімен азамат Н.-ге қолданылған «сотқа келу туралы» процестік мәжбүрлеу шарасының күші жойылып, ол сот залында дереу қамауға алынды», - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары