Ақтөбе шекарасынан 50 млн теңгенің темекісін алып шықпақ болғандар ұсталды

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны шамамен 50 млн теңгені құрайды.

Ақтөбе шекарасынан 50 млн теңгенің темекісін алып шықпақ болғандар ұсталды
ҰҚК
Автор
Админ
290

ҰҚК Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті 28 қазанда «Жайсан» автокөлік өткізу пунктінде ірі темекі партиясын әкетпек болғандардың жолын кесті.

71 мыңнан астам қорап темекі өнімдерін көкөніс өнімдері салынған жәшіктердің астына жасырып, ілеспе құжаттарсыз Қазақстаннан шығаруға әрекеттенген.

Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.

 

 

Серіктес жаңалықтары