164
Шығыс Қазақстанда жалған кәсіпкердің жұмысы тоқтатылды
ШҚО прокуратурасы Риддер қаласында жалған кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғаның жұмысын тоқтатты.
Ол құны 350 млн теңге тұратын 348 мың қорап темекі мен 51 мың шөлмектен астам ішімдікті сақтап, таратқан. Тауарларда жалған есепке алу – бақылау таңбалары болған.
Сапасы күмәнді контрафактілік өнімдерді сату және оларды тұтыну өте қауіпті, өйткені олар азаматтардың денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.
Риддер қалалық сотының 05.09.2024 жылғы үкімімен жеке кәсіпкер кінәлі деп танылып, тәркіленген өнімдерді жою арқылы бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
15.10.2024 жылы облыс прокуратурасы, Экономикалық тергеу, экология департаменттері және сот орындаушылары өкілдерінен тұратын комиссия тәркіленген өнімдерді Өскемен қаласындағы полигонда жойды.