Өскемен қаласында әйелді пойыз қағып кетті

Әйел адам түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Өскемен қаласында әйелді пойыз қағып кетті
istockphoto.com
182

Өскемен қаласында әйел адамды пойыз қағып кетті. Аталған оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қала іргесінде орналасқан Защита ықшамауданындағы «Өскемен-1» станциясында болған.

«Жүк пойызы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 40 жастағы әйелді қағып кетті», - делінген ақпаратта.

Әйел адам түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары