590
Ақтөбеде оңбай таяқ жеген келіншек көз жұмды
Күдікті ұсталды.
Оқиға 14 қазанда Ақтөбедегі пәтерлердің бірінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
55 жастағы азамат өзі бірге тұратын 39 жастағы келіншекпен жанжалдасып, мас кезінде соққыға жыққан. Ауруханаға жеткізілген келіншек екі аптадан кейін көз жұмған.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
«Полиция департаменті адам өліміне әкеліп соққан ауыр жарақат келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдікті ұсталды», - деді полиция.