Астанада хостел әкімшісі клиентті тонап кеткен

Елордаға жұмыс бабымен келген келіншек хостелге тоқтаған.

Астанада хостел әкімшісі клиентті тонап кеткен
istockphoto.com
Автор
Админ
241

Сөмкесін бөлмеге қалдырып, жұмыстарымен шығып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сөмкеде әшекей бұйымдар болған.

«Клиент бөлмеде жоқ кезде хостел әкімшісі өзіндегі қосалқы кілтті қолданып, бөлмеге кіріп, сөмкедегі құны 420 мың теңге тұратын алтын алқаны ұрлаған», - деді полиция.

34 жастағы әкімші алтынды ломбардқа өткізіп, алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Қылмыстық іс қозғалып, заттай айғақ тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары