Батыс Қазақстан облысында 2 ер адам жол апатынан қаза тапты

Оқиға 1 қараша күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.

Батыс Қазақстан облысында 2 ер адам жол апатынан қаза тапты
istockphoto.com
251

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қараша күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.

 «Бәйтерек ауданы аумағында шамамен сағат 08.00-де Орал-Озинки жолының 95-шақырымында жүргізуші «Тойота Гранвия» автокөлігінің руліне ие бола алмай қалған. Содан автокөлік аударылған. Оқиға орнында 58 жастағы жүргізуші мен 1960 жылғы ер адам көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілп жатыр. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, автокөлікте белгілі кәсіпкер Владимир Охватов ағасымен бірге болған.

Серіктес жаңалықтары