Мақпал Жүнісова марқұм Арман Дүйсенов туралы естелігін жариялады

Мақпал Жүнісова марқұм Арман Дүйсенов туралы естелігін жариялады
скриншот
1011

Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм сазгер Арман Дүйсеновпен бір сахнада тұрған видеосын жариялап, жазба арнады.

«Осындай естелік видео келді. Мен үшін әлі осы өмірде жүргендей?! Топырағың торқа болсын!

Ажал келсе ешкім араша бола алмайды екен. Енді тек құран бағыштап отырамыз. Осындай дарынды тума таланттар әлі талай әндерін жазар еді-ау деп қоямын», – деп жазды әнші.

Өнер иесі бейнежазбада сахнаға дайындықсыз шығып, композитормен дуэт орындады.

«Залда Арманның отырғанын көріп қалып, шақырып алдым. Рояльсыз және ешқандай дайындықсыз ән орындап берейік», – деді халық әртісі.

Кенет сахнаға көтеріліп келе жатқан марқұм сазгердің аяғы тайып кетіп, құлап түседі.

«Көрдіңдер ме, менің қасыма келетін жігіттер осылай құлайды. Сол үшін де маған ешкім жоламайды. Өйткені біледі арты неге апарып соғатынын», – деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары