«Кезби» директорына 321 млн теңге ұрлады деген айып тағылды

Күдікті Кезбаев 2024 жылдың 3 қарашасында ұсталды

«Кезби» директорына 321 млн теңге ұрлады деген айып тағылды
kezbi.su
332

Қаржылық мониторинг агенттігі "Кезби" компаниясының қаражатты жымқыру және салық төлемеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Маңғыстау облысы бойынша ІІД департаменті «Кезби» ЖШС атқарушы директоры Е.Кезбаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ол «Өзенмұнайгаз» АҚ компания қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге бөлінген 321 миллион теңгені жымқырды, сондай-ақ шамамен 1,5 миллиард теңге салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

"2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттар жасасты. Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Алайда, тергеу көрсеткендей, қаржының қомақты бөлігін, яғни 321 миллион теңгені кәсіпорын басшысы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартудың орнына ұрлаған", - делінген хабарламада.

Күдікті Кезбаев 2024 жылдың 3 қарашасында ұсталды. Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері  жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары