Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызына көлік пен пәтер сыйға тартты

Бұл туралы видеоны блогер желідегі парақшасында жариялады

Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызына көлік пен пәтер сыйға тартты
Видеодан алынған кадр
606

Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесіп, қызының анасына JAC маркалы көлігін сыйлады.

Бұл туралы видеоны блогер желідегі парақшасында жариялады. Ол қыздың анасына Астана қаласынан жаңа пәтердің кілтін және де қыздың емі үшін қомақты қаржы табыстады. 

"Даридың да даналығы жатыр бұл жерде", "Бәсе, жамандыққа қимап едім бұл жігітті", "Міне, нағыз еркек. Енді қызыңмен қарым-қатынасты үзбе", "Келіншегінің ақылдылығы деп ойлаймын, әр мықты еркектің артында ақылды әйел тұрады", "Ең керемет ердің ісі болды", "Далаға тастамады өз қанын, жарады", "Осы баладан көңілім қалып еді. Нағыз ер жігіттің іс-әрекетін жасады", – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Дархан Жолшыбековтің некесіз туған бес жасар қызы бар екенін бүлдіршіннің анасы "Көреміз" бағдарламасына келіп айтты. Ол қызының сырқат екенін, алайда әкесі 15 мың теңге алимент қана төлейтінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары