173
Ливаннан Қазақстанның 41 азаматы елге жеткізілді
Операция Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері арқылы жүргізілді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ливандағы жағдайдың ушығуына байланысты азаматтарымызды шұғыл елге көшіру операциясы жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдарының көмегімен Ливаннан Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері көшірілді», - деді СІМ.
Ел азаматтары Стамбұл мен Дубай арқылы көшірілген. 17-31 қазан аралығында Астана мен Алматыға бас-аяғы 41 адам келген.