Оралда Шекара қызметі департаментінің бөлім басшысы заң бұзды

Сот отырысында азамат С. көлік құралын басқару фактісін жоққа шығармай, жазаны айыппұл түріндегі өндіріп алумен шектелуді сұрады.

Оралда Шекара қызметі департаментінің бөлім басшысы заң бұзды
istockphoto.com
164

Оралда шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік жүргізіп келе жатқан кезде ұсталды.

БҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің бөлім басшысына айыппұл салынды.

«Азамат С. 2024 жылғы 14 мамырдағы қаулыға сәйкес, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 1-бөлігінің 608-бабы бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.

Алайда, 2024 жылы 15 қыркүйекте ол Орал қаласында автокөлік құралын басқару кезінде қайта ұсталған. Сот отырысында азамат С. көлік құралын басқару фактісін жоққа шығармай, жазаны айыппұл түріндегі өндіріп алумен шектелуді сұрады», - делінген сот хабарламасында.

Сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 44-бабын, 829-14-бабы 1-бөлігінің 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабы 3-бөлігі бойынша «кімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат С.-ны кінәлі деп тануды және оған 184 600 (бір жүз сексен төрт мың алты жүз) теңге әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануды қаулы етті.

Құзырлы орган өкілдері мұндай сот шешімі заңды сақтаудың маңыздылығын көрсететінін, қайталанған бұзушылықтар одан да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін еске салды.

Серіктес жаңалықтары