Өскеменде 17 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол салды

Марқұм толық емес отбасынан шыққан.

Өскеменде 17 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол салды
istockphoto.com
172

Өскемен қаласында 17 жастағы бойжеткен суицид жасады, Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өз-өзіне қол жұмсау фактісіне байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Марқұм толық емес отбасынан шыққан. Алдын ала дерек бойынша оның суицидке баруына жауапсыз махаббат себеп болды. 17 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырып кеткен», - делінген ақпаратта.

Өскеменде өз өмірін қиюға оқталған кәмелеттік жасқа толмаған балалар саны биыл күрт көбейген.

«Осы жылдың басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 22 адам суицид жасамақ болса, биыл бұл көрсеткіш 7 адамды құраған. Балалардың бұл қадамға баруының себептері әртүрлі. Көбінесе отбасындағы жанжал, оқудағы қиындықтар, достарымен қарым-қатынастағы кикілжіңдер», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары