Семейде сауда үйінің шатыры опырылып түсті

ардап шеккендер жоқ, алайда бірнеше рейстік автобустар зақымдалған.

Семейде сауда үйінің шатыры опырылып түсті
скриншот
185

Семейде өртеніп кеткен «Ақшын» сауда үйінің шатыр құрылымы опырылып түсті.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрларда «Ақшын» сауда үйінің шатырындағы темір конструкция автобекет жағында құлағаны айтылған. Зардап шеккендер жоқ, алайда бірнеше рейстік автобустар зақымдалған. 

Абай облысының полиция департаменті өртенген ғимараттағы құрылымның құлағаны туралы растады.

«Бүгін сағат 12:15-те «102» арнасына орталық автовокзал аумағында болған оқиға туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат бойынша автобустарға «Ақшын» сауда үйінің металл конструкциясы құлап, нәтижесінде екі көлік зақымданды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел келді. Алдын ала мәліметтер бойынша, азаматтар арасында зардап шеккендер жоқ, алайда автопаркке материалдық залал келген», - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ірі өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын олардың сақталуына жауапты адамның бұзуы» бойынша тергеу басталды. Кейін полиция қызметкерлерімен бірге кәсіпкерлерді дүкендерге кіргізе бастағанда, үй иесі қатты өрттен қалған қомақты ақша салынған пакетті тауып алған.

Сауда үйінің иесі ғимаратты қайта қалпына келтіріп, кәсіпкерлердің дүкендерін алу үшін тергеу іс-шаралары аяқталғаннан кейін бар күшін салатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары