Қар жауып, боран соғады: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады

Қар жауып, боран соғады: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
istockphoto.com
344

Синоптиктер Қазақстанда 5,6 және 7 қарашада ауа райы қандай болатынын болжады.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн суытып, жаңбырдың арты қарға ұласады.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, екпінді жел тұрып, тұман түседі", - деп жазылған "Қазгидромет" хабарламасында.

5 қарашада еліміздің батысында, 6 қарашада солтүстігінде, 6-7 қарашада шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік- шығысында қатты жауын-шашын түседі.

5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кезеңнің соңына қарай ауа температурасы түнде 3 аяз-5 жылыға дейін, таулы аудандарда 8 аязға дейн, күндіз 0-7 жылы, таулы аудандарда 2 аяз дейін төмендеуі мүмкін.

Бұған дейін синоптиктер қараша айында 25 градусқа дейін аяз болатын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары