Хасан Касымбаевтың 15 жыл бірге тұрған әйелі де үндеу жасады

Ол мал шаруашылығымен айналысады, дейді ол

Хасан Касымбаевтың 15 жыл бірге тұрған әйелі де үндеу жасады
фото: видеодан скриншот
4471

Бүгін қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұраған болатын. анасынан кейін әйелі де үн қатты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ол мал шаруашылығымен айналысады. Кішігірім бетон шығаратын зауыты бар. Ол туралы ақпарат жалған. Біреу айтты, қалғандарының бәрі соны қолдап тұр. Оны шынымен танитын адамдарға барыңыздар! Қандай адам екенін сұраңыздар! Біздің бірге тұрып жатқанымызға 15 жыл болды. Ол үш баланы тәрбиелеп отыр. Ал балаларына қалай психологиялық соққы тиіп жатыр?, - дейді әйелі Зүлфия Қасымбаева.

Еске салсақ, «Хутор» бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың өліміне кінәлі "Хутор" бандасының қатысы бар деген ақпарат тараған еді. Алайда Хасан Қасымбаев өзінің бұл істе кінәсіз екенін айтып, үндеу жасаған болатын.

Серіктес жаңалықтары