Қазан айында іскерлік белсенділік баяулады – Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин қазан айындағы іскерлік белсенділік туралы мәлімет берді.

Қазан айында іскерлік белсенділік баяулады – Ұлттық банк
istockphoto.com
Автор
Админ
142

2024 жылғы қазанда іскерлік белсенділік баяулап келе жатқанын көрсетті, алайда, көрсеткіш 50,9 құрап, тоғыз ай қатарынан оң динамикада қалды.

Қазанда қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділіктің 50,6-ға дейін баяулауы (қыркүйектегі 51,4-тен) индекстің динамикасына әсер етті. Басқа барлық секторда динамиканың жақсарғаны байқалды: өндірісте индекс – 52,8-ге (қыркүйектегі 52,3-тен), құрылыста – 52,0-ге (қыркүйекте - 50,4) дейін, тау-кен өнеркәсібінде де іскерлік белсенділік индексі теріс аймақта қалса да, көрсеткіш 49,4-ке дейін көтерілді (қыркүйекте – 48,9).

2024 жылғы қазанда бизнес-ахуал индексі (БАИ) біршама төмендеді. Бизнес жүргізудің қазіргі және болашақ шарттарын бағалау динамикасы нашарлағанымен, бағалар оң аймақта қалды. Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы да өсу аймағында тұр.

Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өнімдеріне/көрсетілетін қызметтеріне деген сұраныстың өсу қарқыны әлі де баяу, әсіресе, сауда саласында. Респонденттер инфрақұрылымға қолжетімділікті оң бағалады, алайда, қалған факторлар бойынша (бизнесті қорғау мәселелері, салық жүктемесі және қаржыға/кредитке қолжетімділік) теріс баға басым.

Серіктес жаңалықтары