269
Орал қалалық сотының төрағасы ұсталды
Оралда қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінде ұсталды.
Бұл туралы «Уральская неделя» телеграм каналы жазды.
Руслан Жұмағұловпен бірге екі адвокат ұсталған.
«1,5 млн теңге көлеміндегі пара сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығару үшін берілген», - делінген материалда.
Жедел-тергеу шараларын ҰҚК орталық аппаратының қызметкерлері мен БҚО департаменті жүргізіп жатыр.
Жұмағұлов сот төрағасы қызметіне 2019 жылғы 31 желтоқсанда Президент Жарлығымен тағайындалған.