233
18 мыңға жуық Қазақстан азаматы банкрот деп танылды
Олардың жалпы қарызы – 40,9 млрд теңгені құраған.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов 2023 жылдан бері 130 мыңнан астам адамның банкроттыққа өтінім бергенін мәлімдеді. Оның 18 мыңға жуығы банкрот деп танылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Нақты айтқанда 17,9 адам банкрот болған. Жалпы қарызы – 40,9 млрд теңге.
Спикер үш түрлі процедураның бар екенін айтты: соттан тыс банкрот деп тану, сот арқылы банкрот деп тану және төлем қабілетін қайта қалпына келтіру.
Ішіндегі ең сұранысқа ие болғаны – соттан тыс банкрот деп тану. Бұл процедура қарызы 5,9 млн теңгеден аспайтын (мүлкі болмаса) азаматтарға тиесілі.