Екі полицейді көлігімен қасақана қаққан Қостанай тұрғыны сотталды

Ол билік өкіліне күш қолданғаны үшін айыпты деп танылды.

Екі полицейді көлігімен қасақана қаққан Қостанай тұрғыны сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
218

Ол өз көлігімен екі тәртіп сақшысын соққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сотталушы екі патрульдік полиция қызметкерінің талабына қарсыласып, көлігімен оларды соғып, денсаулығына зақым келтірген», - деді соттың баспасөз қызметі.

Прокурор оны алты жылға бас бостандығынан айыпуды сұраған. Ал сотталушының өзі «ойланбай істедім» деп кінәсін мойындамаған.

Сот оның қартайған жасын және денсаулығының нашарлығын ескеріп, төрт жыл бас бостандығын шектеді. Сондай-ақ жәбірленушілердің әрқайсына жарты миллион теңгеден төлеуге міндеттеді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар үкімге шағым түсіре алады.

Серіктес жаңалықтары