Ақтауда автобус аялдамасы адамдардың үстіне құлаған (ВИДЕО)

Қалалық әкімдік аялдама қатты желдің салдарынан құлағанын хабарлады.

Ақтауда автобус аялдамасы адамдардың үстіне құлаған (ВИДЕО)
istockphoto.com
174

Ақтауда қатты желдің салдарынан жаңа автобус аялдамасы құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Бұл нысан магистральдық инженерлік желілерді қайта құруға байланысты уақытша басқа жерге көшірілген. Қалалық әкімдік аялдама қатты желдің салдарынан құлағанын хабарлады.

Коммуналдық қызмет мамандары аялдаманы оқиға орнынан тез арада алып тастады.

Полицияның дерегінше, бір адам зардап шекті. Қазір ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі сапасыз құрылыс дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары